Мемлекеттің халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу функциясының мәні және қазақстандық тәжірибе
Кілт сөздер:
мемлекет функциясы, ішкі функциялар, сыртқы функциялар, халықаралық маңызы бар мәселелер,Аңдатпа
Мақалада мемлекет функциясына қатысты әртүрлі авторлардың көзқарастарына талдау жасалынып, мемлекет функцияларын жіктеудің ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Мемлекеттің сыртқы функцияларының бірі халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу функциясына жан-жақты талдау жасалып, оның ерекшеліктері атап өтіледі. Бұл функция түріне қатысты өзге авторлардың пікірлеріне тоқталып, солардың негізінде оған өзіндік анықтама беріледі. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу функциясына сипаттама беріліп оның жүзеге асырылу ерекшеліктеріне және бүгінгі күні мемлекетіміз үшін бұл функцияны жүзеге асырудың маңыздылығы көрсетіледі. Автор нақты тәжірибеден мысалдар келтіре отырып аталмыш функцияны жүзеге асырмастан бұрын ең алдымен мемлекеттің ішкі функцияларына назар аударып, бұл функция түріне басымдық бермеу қажеттілігін алға тартады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Мемлекеттің халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу функциясының мәні және қазақстандық тәжірибе. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 69(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/45
