Мемлекеттің халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу функциясының мәні және қазақстандық тәжірибе
Ключевые слова:
мемлекет функциясы, ішкі функциялар, сыртқы функциялар, халықаралық маңызы бар мәселелер,Аннотация
Мақалада мемлекет функциясына қатысты әртүрлі авторлардың көзқарастарына талдау жасалынып, мемлекет функцияларын жіктеудің ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Мемлекеттің сыртқы функцияларының бірі халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу функциясына жан-жақты талдау жасалып, оның ерекшеліктері атап өтіледі. Бұл функция түріне қатысты өзге авторлардың пікірлеріне тоқталып, солардың негізінде оған өзіндік анықтама беріледі. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу функциясына сипаттама беріліп оның жүзеге асырылу ерекшеліктеріне және бүгінгі күні мемлекетіміз үшін бұл функцияны жүзеге асырудың маңыздылығы көрсетіледі. Автор нақты тәжірибеден мысалдар келтіре отырып аталмыш функцияны жүзеге асырмастан бұрын ең алдымен мемлекеттің ішкі функцияларына назар аударып, бұл функция түріне басымдық бермеу қажеттілігін алға тартады.Загрузки
Выпуск
Раздел
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Как цитировать
Мемлекеттің халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу функциясының мәні және қазақстандық тәжірибе. (2016). International Relations and International Law Journal, 69(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/45
