Әлеуметтік қауіпті салдар қылмыстық құқық нормаларының әлеуметтік негізділігі шарттарының бірі ретінде
Кілт сөздер:
әлеуметтік қауіпті салдар, материалдық құрам, формалдық құрам, қылмыстық құқық бұзушылықтың кейінгі салдарлары,Аңдатпа
Мақалада қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік белгілері, әрекет пен әрекетсіздік және оның қоғамға қауіпті салдары әлеуметтік-құқықтық талдауға алынған. Бұл қойылған сұрақты қарастырудың қажеттілігі, ол белгілі бір іс-әрекетке қылмыстық-құқықтық шектеуді белгілеуде заң дұрыс бағалау жасағанда қылмыстық құқық нормаларының әділеттілігі мен тұрақтылығын және әкімшілік теріс қылықпен қылмыстық құқық бұзушылықты ажыратуды қамтамасыз ете алатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттің қарқындылық шамасын ескеруі керектігі болып табылады. Автордың пікірінше қылмыстық-құқықтық мәселелерге әлеуметтік талдау жүргізу адамның есі дұрыстығы мен жасына қатысты қолданылмауы керек. Мұның себебі, тек қылмыстық құқық қана емес, сонымен бірге барлық құқық салаларының құқықтық жауаптылықты көтеруге қабілетті, есі дұрыс адамдардың жүріс-тұрысын және жауаптылығын қарастыратындығы болып табылады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Әлеуметтік қауіпті салдар қылмыстық құқық нормаларының әлеуметтік негізділігі шарттарының бірі ретінде. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 72(4). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/388
