Цифрлық жоғары білім беруде кемсітпеу қағидатын қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық тетіктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/.v115i3.1619

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарының цифрлық ортасындағы кемсітпеу принципі және студенттердің цифрлық теңдігін құқықтық қорғау мәселесі қарастырылады. Халықаралық стандарттар, ұлттық заңнама және адам құқықтары доктринасын талдау кемсітпеуді технологияға формалды қол жеткізумен теңестіруге болмайтынын көрсетеді. Үш көзқарас - формалды-құқықтық, әлеуметтік-құқықтық және технологиялық-сыни - бір-біріне қарама-қайшы емес, әрқайсысы мәселенің жеке қырын ашады. Осы негізде жасырын цифрлық теңсіздіктің тәуекелдері топтастырылып, ЖОО деңгейінде кемсітпеуді қамтамасыз ету моделі ұсынылады. Модель екі бағытты қамтиды. Нормативтік бағыт - ішкі кемсітушілікке қарсы ережелер, инклюзивті тіл саясаты және дербес деректерді қорғау. Техникалық-ұйымдастырушылық бағыт - платформалардың қолжетімділігін бағалау, оқу ресурстарын бейімдеу, цифрлық сауаттылықты дамыту, бағалау алгоритмдері мен прокторинг жүйелерінің ашықтығы. Ұлттық нормативтік база жалпы қағидаттарды бекітеді, алайда нақты тетіктерді айқындамайды, сондықтан оны әр ЖОО өз ішкі актілерінде нақтылауға тиіс. Цифрландырудың Қос табиғаты негізделеді, ол білімге қол жетімділікті кеңейтуге де, әлеуметтік теңсіздікті жаңғыртуға да қабілетті. Алынған нәтижелер білім беру және цифрлық технологиялар саласындағы заңнаманы жетілдіру кезінде, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ішкі регламенттерін әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Түйін сөздер: халықаралық-құқықтық тетіктер, кемсітпеу қағидаты, цифрлық білім беру ортасы, білім алу құқығы, инклюзивтілік, дербес деректерді қорғау.

Автор өмірбаяндары

  • А.М. Сералиева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

    Сералиева Алия Мажитқызы (корреспонденттік автор) - заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әлеуметтік ғылымдар кафедрасы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: aliya-mazhitovna@mail.ru).

  • Айнур, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    Нурланқызы Айнур докторант (РhD), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әлеуметтік ғылымдар кафедрасы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: Ainurnurlankyzy2001@gmail.com).

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері