Қазақстан және Қытай: қазіргі таңдағы трансшекаралық өзен проблемасы

Авторы

  • А. R. Alipbaev
  • Zh. Abi

Ключевые слова:

трансшекаралық өзендер, өзендерге трансшекаралық бақылау, келісім, экожүйе, мемлекет, реттеу, халықаралық ынтымақтастық,

Аннотация

Қазақстан Республикасы үшін трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану – бұл ерекше және аса маңызды тақырып. Сарапшылардың пайымдауы бойынша Қазақстан елеулі деңгейде су ресурстарының тапшылығын тартып отырған Еуразиялық құрлықтағы елдердің бірі болып табылады. Дегенмен, бүгінгі күні Қазақстан барлық шектес мемлекеттермен трансшекаралық су көздерін пайдалану және қорғау бойынша халықаралық келісімдерге ие. Алайда, Қазақстан мен Қытай арасында су бөлісі туралы келісім жоқ. Осыған орай, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бойынша қазақ-қытай бірлескен комиссиясы шеңберінде трансшекаралық су көздерін пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселесі және келісімге келу қарастырылуда. Өйткені, ҚХР-де, өз кезегінде, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы мен өсіп жатқан қалалардың қажеттілігін арта түскен көлемде қамтамасыз ету үшін су ресурстарының тапшылығын сезінуде. Осы негізде Қазақстан мен Қытайдың су қатынастарын реттеу мәселесі екі мемлекет үшін де стратегиялық мәнге ие.

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений

Как цитировать

Қазақстан және Қытай: қазіргі таңдағы трансшекаралық өзен проблемасы. (2016). International Relations and International Law Journal, 69(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/34