Жариялау этикасы

«ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналы академиялық адалдық қағидаттарын және жарияланымдық этиканың халықаралық стандарттарын, соның ішінде COPE (Committee on Publication Ethics) тәсілдерін ұстанады. Этикалық нормалар баспа үдерісіне қатысатын барлық тараптарға қолданылады: авторларға, рецензенттерге, редакторларға және баспагерге.

Негізгі қағидаттар

 Редакция төмендегі қағидаттарды басшылыққа алады:

  • редакциялық шешімдердің объективтілігі мен бейтараптығы;
  • қолжазбаларды қарау рәсімдерінің және бұзушылықтарға ден қоюдың ашықтығы;
  • барлық кезеңдердегі материалдар мен хат-хабардың құпиялылығы;
  • плагиатқа, деректерді қолдан жасауға/бұрмалауға және жарияланымдық этиканың өзге де бұзушылықтарына (publication misconduct) нөлдік төзімділік;
  • коммерциялық немесе өзге де сыртқы ықпалдардан ғылыми сапаның басымдығы.

Тараптардың міндеттері мен жауапкершілігі

 Авторлар міндетті:

  • түпнұсқа жұмысты ұсынуға және дереккөздерді дұрыс дәйектеуді қамтамасыз етуге;
  • қайталама жарияланымға, елеулі әрі ашып көрсетілмеген мәтіндік қайталауға (self-plagiarism), дәйексөздермен манипуляция жасауға жол бермеуге;
  • авторлар мен аффилиациялар туралы дұрыс мәліметтерді, қажет болған жағдайда қаржыландыру көздерін көрсетуге;
  • мүдделер қақтығысын (қаржылық және қаржылық емес) ашып көрсетуге;
  • тексерулер, деректер/материалдар сұрату және қажет болған жағдайда жарияланымнан кейінгі түзету рәсімдері кезінде редакциямен ынтымақтасуға.

 Рецензенттер міндетті:

  • рецензиялауды объективті, дәлелді түрде және белгіленген мерзімде жүргізуге;
  • қолжазбаның құпиялылығын сақтауға және алынған ақпаратты жеке мақсатта пайдаланбауға;
  • ықтимал бұзушылықтар туралы (плагиат, дублирлеу, деректердің күмәнділігі және т.б.) редакцияға хабарлауға;
  • мүдделер қақтығысын мәлімдеуге және бейтараптылыққа әсер ететін жағдайлар болғанда рецензиялаудан бас тартуға.

 Редакторлар және редакциялық алқа міндетті:

  • редакциялық шешімдердің тәуелсіздігін және авторларға кемсітусіз тең қатынасты қамтамасыз етуге;
  • жариялау шешімдеріне коммерциялық мүдделердің ықпал етуіне жол бермеуге;
  • құпиялылықты сақтауға және қатысушылардың дербес деректерін қорғауға;
  • этикалық тәуекелдер туындағанда халықаралық стандарттарға сүйене отырып негізделген шаралар қабылдауға.

Мүдделер қақтығысы

Мүдделер қақтығысы – қаржылық, кәсіби немесе жеке байланыстар автордың, рецензенттің немесе редактордың объективтілігіне әсер етуі (немесе әсер етеді деп қабылдануы) мүмкін жағдайлар.

  • Авторлар әлеуетті мүдделер қақтығысын қолжазбаны тапсыру кезінде ашады.
  • Рецензенттер мен редакторлар мүдделер қақтығысын қолжазбамен жұмыс басталғанға дейін мәлімдейді және ол болған жағдайда өздігінен шеттетіледі.

Ғылыми-академиялық адал емес практикалар және бұзушылықтар  

Жарияланымдық этика бұзушылықтарына, атап айтқанда, мыналар жатады:

  • плагиат және дұрыс емес заимствование (оның ішінде иллюстрациялар/кестелер/деректерді дереккөзін көрсетпей пайдалану);
  • деректерді қолдан жасау/бұрмалау және нәтижелерді әдейі бұрмалау;
  • қайталама жарияланым және елеулі әрі ашып көрсетілмеген мәтіндік қайталау (self-plagiarism);
  • дәйексөздермен манипуляция;
  • авторлықтың этикаға қайшы практикалары (жалған/«қонақ» авторлық, елеулі үлес қосқан тұлғаларды қоспау);
  • редакциялық материалдар мен хат-хабардың құпиялылығын бұзу;
  • рецензиялауды бұрмалау/алаяқтық (фиктивті/келісілген рецензиялау);
  • ғылыми жазбаның сенімділігіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер.

 Кірме деректерді тексеру және редакциялық этикалық сараптама

Редакция қолжазбаларды сәйкессіз мәтіндік ұқсастыққа тексеру үшін қолжетімді құралдарды қолданады және этикалық күмән туындағанда қосымша тексеру жүргізуі мүмкін (түсіндірме сұрату, бастапқы деректерді, растайтын құжаттарды талап ету және т.б.). Шешімдер мәселенің сипаты мен дәлелдемелер деңгейін ескере отырып қабылданады.

Адамдардың қатысуы бар зерттеулер, дербес деректер және этикалық мақұлдау

Зерттеу адамдардың қатысуын, дербес деректерді өңдеуді, интервью/сауалнамаларды немесе қатысушыларды тануға мүмкіндік беретін материалдарды қамтыса, авторлар:

  • қолданыстағы этикалық және құқықтық талаптардың сақталғанын растауы;
  • қажет болғанда этикалық мақұлдау (этика комитеті/IRB немесе баламасы) туралы мәліметті немесе неге талап етілмегенін негіздеуі;
  • ақпараттандырылған келісімді (қолданылса) және құпиялылықты қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
  • Деректерді, дереккөздерді, архивтерді пайдалану және материалдарды заңды қолдану

 Авторлар:

  • деректерге/дереккөздерге/архив материалдарына дұрыс сілтеме жасауды және оларды заңды пайдалануды;
  • мәтіндер, суреттер, карталар, кестелер және өзге материалдарды қолданғанда авторлық құқықтың бұзылмауын;
  • редакция сұратқан жағдайда деректердің шығу тегі мен алу тәсілдері бойынша түсіндірме беруге дайын болуын қамтамасыз етеді.

Суреттер, иллюстрациялар және рұқсат етілмейтін манипуляциялар

Деректердің мағынасын бұрмалайтын немесе жаңылыстыратын суреттер/графикалық материалдарды манипуляциялау рұқсат етілмейді (оның ішінде жасырын өзгерістер, таңдаулы өңдеу, элементтерді алмастыру). Қажет болған жағдайда редакция бастапқы файлдарды/нұсқаларды және өңдеу бойынша түсіндірмелерді сұрата алады.

Қателер, маңызды нақтылаулар және жарияланғаннан кейінгі жауапкершілік

Егер жарияланғаннан кейін автор(лар) елеулі қателікті анықтаса, редакцияға жедел хабарлауға және мәселені шешуге көмектесуге міндетті. Редакция мәселенің сипатына және қорытындыларға ықпалына қарай түзетуді (erratum/corrigendum), алаңдаушылық білдіруді немесе ретракцияны бастай алады.

Бұзушылық туралы күдік: қарау тәртібі және тараптармен байланыс

Өтініш түскенде немесе күдік анықталғанда редакция:

  • істі тіркейді және бастапқы бағалау жүргізеді;
  • авторлардан түсіндірме және қажет болса материалдар/құжаттар сұратады;
  • тәуелсіз сарапшыларды тартуы мүмкін;
  • тексеру кезеңінде қолжазбаны/жарияланымды уақытша тоқтатуы мүмкін;
  • соңында шешім қабылдап, өтініш берушіге құпиялылық шегінде және қолданылатын талаптарды сақтай отырып хабарлайды.

Жарияланымнан кейінгі шаралар: түзету, алаңдаушылық білдіру, ретракция

Жарияланғаннан кейін қателер немесе ықтимал бұзушылықтар анықталса, редакция жарияланымнан кейінгі шараларды қолданады:

  • түзету (erratum/corrigendum) — негізгі қорытындыларды жоққа шығармай түзету мүмкін болғанда;
  • алаңдаушылық білдіру (expression of concern) — тексеру аяқталғанға дейін негізді күмән болғанда;
  • ретракция (retraction) — дәлелденген өрескел бұзушылықтар немесе нәтижелердің сенімсіздігі жағдайында.

Ретракция кезінде мақала жойылмайды: ол ғылыми жазбаның бөлігі ретінде сақталады, «Мақала қайтарылып алынды / Retracted» деп белгіленеді және күні мен негіздемесі көрсетілген ретракция туралы хабарлама жарияланады; мүмкін болған жағдайда PDF белгіленеді.

 Жарияланғаннан кейін авторлық және үлес туралы мәліметтерді түзету

Авторлықты түзету туралы сұраулар (қосу/алып тастау, ретін өзгерту, аффилиацияны түзету) негізделген өтініш және барлық тараптардың келісімі болған жағдайда қаралады. Редакция қосымша түсіндірмелер мен құжаттық дәлелдемелерді сұрата алады.

 Дәйексөздерді мәжбүрлеп енгізу және “метрикалық” манипуляциялар

Редакция мен рецензенттер авторлардан қолжазбаның ғылыми сапасын арттыруға қатысы жоқ дәйексөздерді қосуды талап ете алмайды. Дәйексөз көрсеткіштерін жасанды түрде өсіруге бағытталған практикаларға жол берілмейді.

Құпиялылық және деректерді қорғау

Барлық қолжазбалар, рецензиялар және редакциялық хат-хабар құпия материалдар болып саналады. Редакция ақпаратты үшінші тұлғаларға ашпайды, тек тағайындалған рецензенттерге және этикалық тергеу жағдайында, егер ашу қажет әрі заңды болса, ғана беріледі.

Жарияланымдық этика бойынша байланыс

Жарияланымдық этика және ықтимал бұзушылықтар бойынша: iriljournal@kaznu.kz