Журнал саясаты
Жалпы ережелер
«ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» – 1992 жылы негізі қаланған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығаратын, рецензияланатын ғылыми журнал.
ISSN: 1563-0285
eISSN: 2618-1215
Шығу жиілігі: жылына 4 нөмір (тоқсан сайын).
Шығу жиілігі және жариялану мерзімі
Журнал желілік (электрондық) форматта жылына 4 рет төмендегі мерзімдерде жарық көреді:
- 1-нөмір: ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін;
- 2-нөмір: 20 маусымға дейін;
- 3-нөмір: 20 қыркүйекке дейін;
- 4-нөмір: 20 желтоқсанға дейін.
Мақсаты мен тақырыптық бағыты
Журнал саяси ғылым, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және аймақтану салаларындағы түпнұсқа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және талдамалық шолу мақалаларды жариялайды, соның ішінде (бірақ онымен шектелмей) мына бағыттар:
- халықаралық қатынастар және сыртқы саясат;
- жаһандық және өңірлік қауіпсіздік;
- халықаралық контекстегі халықаралық және ұлттық құқық;
- әлемдік саяси үдеріс;
- әлемдік экономика және өңірлік интеграция (саяси үдерістер мен халықаралық қатынастармен байланыста);
- аймақтану: халықаралық үдерістер мен сыртқы саясат контексіндегі аймақтар мен макроаймақтардың өзекті мәселелері.
Тіл саясаты және метадеректерге қойылатын талаптар
- Мақалалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады. Әр мақала үшін автор(лар) туралы мәліметтер (аты-жөні, аффилиациясы, елі, байланыс деректері) және хат алмасуға жауапты авторды көрсету міндетті.
- Барлық мақалалар үшін міндетті талап: мақаланың атауы, аннотациясы және түйін сөздері негізгі мәтіннің тіліне қарамастан үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
- Библиографиялық тізім негізгі мәтін тіліне сәйкес рәсімделеді: «Әдебиеттер» (қазақ тіліндегі мақалалар үшін), «Литература» (орыс тіліндегі мақалалар үшін), «References» (ағылшын тіліндегі мақалалар үшін). Қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар үшін қосымша түрде ағылшын тілінде «References» бөлімі міндетті; онда библиографиялық деректер латын қарпімен (транслитерация) беріледі және қажет болған жағдайда атаудың аудармасы шаршы жақшада көрсетіледі. Негізгі мәтіні ағылшын тілінде жазылған мақалалар үшін қазақ немесе орыс тілдеріне қосымша транслитерация және библиографиялық тізімді қайта рәсімдеу талап етілмейді.
Қолжазбаны тапсыру және көлеміне қойылатын талаптар
- Қолжазба хат алмасуға жауапты автор арқылы журналдың электрондық платформасы (OJS) арқылы жіберіледі және мақала мен барлық бірлескен авторлар бойынша метадеректер толық толтырылады. «Редакция – автор – рецензенттер» арасындағы байланыс OJS арқылы жүзеге асырылады; ерекше жағдайларда – электрондық пошта арқылы.
- Ұсынылатын тапсыру мерзімі: жақын нөмірдің жоспарланған шығуына дейін кемінде 2 ай бұрын.
- Ұсынылатын көлемі: (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аннотацияны, түйін сөздерді және әдебиеттер тізімін есепке алмағанда) 3 000–7 000 сөз.
- Бір автордың (жеке немесе бірлескен авторлықта) мақаласы күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық жарияланбайды.
Түпнұсқалық, параллель ұсыну және қайталама жарияланымдар
- Қарастыруға бұрын жарияланбаған және басқа басылымда қаралу үстінде емес тек түпнұсқа қолжазбалар қабылданады. Авторлар деректердің дұрыстығына, ғылыми жаңалыққа және дәйексөз бен сілтемелердің корректілігіне жауап береді.
- Қайталама жарияланым, мәні бойынша елеулі өзін-өзі қайталау (self-plagiarism) туралы ақпаратты ашпау, дәйексөздермен манипуляция және өзге де жарияланымдық адал еместік (publication misconduct) түрлері жол берілмейді.
Авторлық және үлес
- Авторлық қолжазбаның тұжырымдамасына, зерттеуді жүргізуге, нәтижелерді талдау/интерпретациялауға және мәтінді дайындауға елеулі үлес қосқан зерттеушілерге тиесілі.
- Хат алмасуға жауапты автор барлық бірлескен авторлардың қолжазбаны тапсыруға және соңғы нұсқасына келісім бергенін растайды.
- Қолжазба тапсырылғаннан кейін авторлар құрамын өзгерту (қосу/алып тастау/ретін өзгерту) тек хат алмасуға жауапты автордың негізделген өтініші бойынша, барлық бірлескен авторлардың жазбаша келісімімен және редакция шешімімен жүзеге асырылады.
Мүдделер қақтығысы және қаржыландыру
- Авторлар ықтимал мүдделер қақтығысын (қаржылық және қаржылық емес), сондай-ақ зерттеуді қаржыландыру/қолдау көздерін (қажет болған жағдайда) ашып көрсетуге міндетті.
- Рецензенттер мен редакторлар мүдделер қақтығысын мәлімдеуге және ол болған жағдайда өздігінен шеттетілуге міндетті; қолжазба басқа редакторға/рецензентке беріледі.
Мәтіндік ұқсастықты тексеру және плагиатқа қарсы саясат
- Қолжазбалар журналға қолжетімді құралдар арқылы мәтіндік ұқсастық/заимствование тұрғысынан тексеріледі.
- Рецензиялауға тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқалық деңгейі 80%-дан жоғары және дәйексөздердің дұрыс рәсімделуі сақталған қолжазбалар жіберіледі.
- Дұрыс емес заимствование анықталған жағдайда редакция түзетулерді талап етуге, қолжазбаны қабылдамауға немесе жарияланымнан кейінгі әрекет ету шараларын (түзету/алаңдаушылық білдіру/ретракция) бастауға құқылы.
Рецензиялау
- Журналда екі жақты жасырын рецензиялау (double-blind peer review) қолданылады. Әрбір қолжазба кемінде екі тәуелсіз рецензентке – зерттеу тақырыбы бойынша мамандарға жіберіледі.
- Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі: авторларға рецензенттердің деректері берілмейді; рецензенттерге авторлар туралы деректер көрсетілмеген қолжазба ұсынылады.
- Рецензенттер ғылыми маңыздылықты, түпнұсқалықты, әдіснаманы, дәлелдеу сапасын, сілтемелердің дұрыстығын және журнал тақырыбына сәйкестігін бағалайды.
- Мүмкін болатын шешімдер: қабылдау; түзетуден кейін қабылдау; қайта рецензиялау; қабылдамау.
- Рецензия қорытындылары әртүрлі болған жағдайда (бірі – оң, бірі – теріс) қолжазба үшінші рецензентке жіберілуі мүмкін; соңғы шешімді жауапты (ғылыми) редактор (handling editor) қабылдайды.
- Ұсынылатын мерзім: қолжазба рецензенттерге жіберілген күннен бастап 2 айға дейін.
Редакциялық шешім, түзету және қайта ұсыну
Рецензенттердің ескертулері OJS арқылы хат алмасуға жауапты авторға жіберіледі. Авторлар:
- өңделген (түзетілген) қолжазбаны;
- ескертулерге тармақтар бойынша жауапты ұсынады.
Автор(лар) OJS арқылы редакцияға хабарлай отырып, қарастыру үдерісін тоқтатуға құқылы.
Шағымдар және апелляциялар
Автор(лар) редакциялық шешімге қатысты негізделген шағым немесе апелляцияны OJS/редакцияның электрондық поштасы арқылы бере алады. Апелляция жауапты редактор және/немесе редакциялық алқа тарапынан қаралады; қажет болған жағдайда қосымша тәуелсіз сараптама тағайындалады. Апелляция бойынша шешім тіркеледі және хат алмасуға жауапты авторға хабарланады.
Жарияланымдық этика және әрекет ету шаралары
- Журнал академиялық адалдық қағидаттарын және жарияланым этикасының халықаралық стандарттарын (COPE тәсілдерін қоса алғанда) ұстанады.
- Бұзушылықтарға мыналар жатады: плагиат, деректерді қолдан жасау/бұрмалау (fabrication/falsification), адал емес авторлық, мүдделер қақтығысын жасыру, қайталама жарияланым, дәйексөздермен манипуляция және жарияланымдық этиканың өзге де бұзушылықтары (publication misconduct).
- Бұзушылыққа күдік болған жағдайда редакция түсіндірме мен материалдарды сұратуға, қарастыруды уақытша тоқтатуға және/немесе қосымша тәуелсіз сараптама тағайындауға құқылы.
Түзетулер, алаңдаушылық білдіру және ретракция
- Егер жарияланғаннан кейін қателер немесе ықтимал бұзушылықтар анықталса, редакция жағдайдың сипаты мен дәлелдену деңгейіне қарай жарияланымнан кейінгі әрекет ету шараларын қолданады: түзету (erratum/corrigendum), алаңдаушылық білдіру (expression of concern) немесе ретракция (retraction).
- Алаңдаушылық білдіру (expression of concern) жарияланымның дұрыстығына, сенімділігіне немесе этикалық талаптардың сақталуына қатысты негізді күмән болған, бірақ тексеру/тергеу әлі аяқталмаған жағдайда жарияланады. Тексеру қорытындысы бойынша редакция алаңдаушылықты алып тастау, түзету жариялау немесе ретракция жүргізу туралы шешім қабылдайды.
- Ретракция кезінде мақала толықтай өшірілмейді: ол ғылыми жазбаның бір бөлігі ретінде сақталады, «Мақала қайтарылып алынды / Retracted» белгісі қойылады және ретракция туралы жеке хабарландыру (күні мен негіздемесі көрсетіле отырып) жарияланады; мүмкін болған жағдайда PDF тиісті белгімен таңбаланады.
Жасанды интеллект (ЖИ) және автоматтандырылған құралдарды пайдалану саясаты
- ЖИ-ды көмекші құрал ретінде (тілдік редакциялау, аударма, форматтау, библиографияны дайындау, деректерді техникалық өңдеу) қолдануға авторлар міндетті түрде тексерген жағдайда жол беріледі.
- Егер ЖИ қолданылса, автор(лар) мақаланы тапсырған кезде ілеспе хатта бұл туралы көрсетіп, құралдың атауын және қолдану мақсатын сипаттауға міндетті. Редакция сұратқан жағдайда автор(лар) жарияланымның ашықтығын қамтамасыз ету үшін тиісті ақпаратты ұсынады.
- ЖИ автор/бірлескен автор ретінде көрсетіле алмайды; мазмұнға, фактілік дәлдікке, сілтемелердің дұрыстығына және этиканың сақталуына жауапкершілік авторларға жүктеледі.
- ЖИ-ды деректерді қолдан жасау/бұрмалау, жалған сілтемелер/дереккөздер құру, тексерілмеген генерацияланған мәтінді зерттеу нәтижесі ретінде ұсыну үшін қолдануға тыйым салынады.
- Құпиялылық немесе қолданылатын нормалар бұзылатын жағдайда жарияланбаған қолжазбаларды, рецензияларды және редакциялық хат алмасуды үшінші тарап ИИ-сервистеріне беруге тыйым салынады.
Ашық қолжетімділік және лицензиялау
- Журнал ресми сайтында жарияланған материалдарға ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді; мақалалар толық мәтінді форматта қолжетімді.
- Жарияланымдар Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы бойынша таратылады.
- Қайта пайдалану лицензия шарттары шеңберінде авторлықты міндетті түрде көрсете отырып және алғашқы дереккөзге (журнал, шығарылым/жыл, DOI – бар болса) сілтеме бере отырып рұқсат етіледі.
Авторлық құқық және өзіндік архивтеу
- Авторлар авторлық құқықты сақтайды және журналға алғашқы жариялау құқығын береді.
- Авторлар жарияланған мақаланы басқа ресурстарда (институционалдық репозиторийлер, жеке беттер, ғылыми желілер) түпнұсқа жарияланымға міндетті сілтеме жасай отырып орналастыруға құқылы.
DOI және метадеректер
Әрбір жарияланған мақалаға DOI беріледі; тіркеу Crossref арқылы тұрақты сәйкестендіру, дұрыс дәйексөздену және жарияланымның ұзақ мерзімді қолжетімділігі үшін жүзеге асырылады.
Жариялау жарнасы
- Жариялауға қабылданған қолжазбалар үшін жариялау жарнасы: бір мақала үшін 60 000 теңге белгіленген.
- Жарна қолжазба қабылданғаннан кейін алынады; төлем редакциялық шешімге әсер етпейді және рецензиялау рәсімдерін алмастырмайды.
- Төлемді растау (PDF немесе JPEG форматындағы түбіртек) авторлар тарапынан редакцияның электрондық поштасына жіберіледі.
Архивтеу және ұзақ мерзімді сақталым
Журнал сайтта ағымдағы шығарылымдар мен архивке қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Редакция OJS үшін қолжетімді техникалық шешімдерді және/немесе институционалдық сақтау тетіктерін пайдалана отырып, цифрлық контенттің ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз етуге ұмтылады.
Құпиялылық және дербес деректер
- Авторлардың дербес деректері тек редакциялық үдеріс шеңберінде және қажетті библиографиялық мәліметтерді жариялау үшін пайдаланылады.
- Редакция қарастырудағы қолжазбалар туралы ақпаратты тағайындалған рецензенттерден басқа үшінші тұлғаларға ашпайды.
- Рецензенттер туралы мәліметтер авторларға және үшінші тұлғаларға жария етілмейді.
Байланыс
Қолжазбаларды тапсыру және редакциялық рәсімдер бойынша: iriljournal@kaznu.kz
