Халықаралық құқықта жеке тұлғаның құқықсубъектілігін жоққа шығаратын және ішінара мойындайтын тұжырымдамаларының негізгі қырлары
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2019.v85.i1.08Аннотация
Халықаралық құқықта адамның құқыққабілеттілігі туралы мәселе маңызды аспект болып табылады, олар XX ғасырдың ортасынан бастап егжей-тегжейлі зерттеле бастады, өйткені осы уақытта адам құқықтарының жалпы ұғымдары (концепциялары) қалыптаса басталды. Адам құқықтарына қатысты қабылданған халықаралық құжаттар осы мәселені шешу үшін бір қадам болса да жеке тұлғаның құқық қабілеттігіне жақындаттырды және маңызды мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Алайда, халықаралық құқық теориясында осы мәселе жеткілікті түрде толық емес екенін мойындау керек, бірақ осы бағыттағы кейбір елеулі әрекеттер жасалды. Халықаралық құқық саласындағы осы жеке тұлғаның мәртебесі, оның құқықтық жағдайы зерттелгенімен, тақырыпты халықаралық құқыққа қатысты толық қарастырмаған. Біз осы тұрғыда қазіргі уақытқа байланысты осы мәселені қалай зерттеліп жатқанын түсіндіреміз. Сондықтан, бұл мақала, бірінші кезекте, жеке тұлғаның құқыққабілеттілігін танымаудың немесе ішінара танудың негізі болып табылатындығын анықтауға бағытталған. Ең алдымен, мақалада әртүрлі ғалымдардың пікірлеріне көңіл аударып, олардың әрбір пікірлері қарастырылды және осы негізде олардың әрқайсысының маңызын және семантикалық мағынасын ашуға, сондай-ақ кейбір жеке тұлғаның құқыққабілеттілігінің негізгі элементтерін анықтауға жан-жақты тырыстық.
Түйін сөздер: индивид, жеке тұлға, халықаралық құқық субъектісі, құқықсубъектілік.