Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алудың теориялық және құқықтық аспектілері

Авторлар

  • Е. Өміржанов
  • А. Арын
  • А. Маулен
        83 36

Аннотация

Мақалада әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алудың басты тетігі болып табылатын адамның лайықты өмірге құқығын қамтамасыз етуге ықпал ететін саяси-құқықтық, әлеуметтік- экономикалық, экологиялық, әлеуметтік факторлар қарастырылып, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасы мен оның халықаралық-құқықтық нормалармен арақатынасының негізгі мәселелері көрсетілген.

Мақсат пен қойылған міндеттерге жету үшін «лайықты өмірге құқық» түсінігіне ғылыми тәсілдердің талдауы жүргізіліп, адам өмірінің сапасы пен деңгейі сияқты лайықты өмірдің негізгі белгілері анықталып, олардың әрқайсысының құрамы ашылған. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы мен саясатына, лайықты өмірге құқықты қамтамасыз ету аясында халықаралық құқық нормалары мен халықаралық тәжірибені енгізу бойынша кейбір ұсыныстар берілген.

Авторлар қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында қоғамда әлеуметтік маңызды аурулардың кең таралуының алдын алу үшін лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету мен өмір сапасын жақсарту сияқты негізгі мақсат, лайықты өмірге құқықты жүзеге асырудың мәселесі Қазақстандағы адам денсаулығы мен аман-саулығына жауапты, барлық басқару органдарының біріккен күшімен шешілетін кешенді мәселе деп қорытынды жасауда.

Түйін сөздер: лайықты өмірге құқық, мемлекет, өмір сапасы, өмір деңгейі, адам мен азаматтың құқығы, әлеуметтік маңызды аурулар.

Жүктелулер

Как цитировать

Өміржанов, Е., Арын, А., & Маулен, А. (2018). Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алудың теориялық және құқықтық аспектілері. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 83(3), 48–60. вилучено із https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/809

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық және ішкі құқық мәселелері