Mass culture in Japan in the context of globalization

Авторлар

  • Binur Balaubayeva
  • Zhazira Idrysheva
        91 44

Аннотация

Жапония қазір өзін әлемдік жаһанданудың аймақтық орталығы ретінде белсенді көрсетуде.
Жаңа жаһандық міндеттер негізінде Жапония өз мәдени стратегиясын қайта қарастыруға
мүдделі. Бұл үшін жалпыға тән бұқаралық мәдениетті дамытуы, себебі бұл тұтынушы қоғамының
болмысы және жаңа технологиялардың жылдам дамуын ынталандырады. Осыдан кейін анимэ
мен мангаға арналған сайттардың жылдам өсуін айтуға болады. Басты мәселе – Жапонияның
жаңа гуманитарлық имиджі мен оның ультра жаңа технологияларға негізделген мәдени
технологиялардың пайда болуы. Қазір Жапонияда «жұмсақ күштің» бір формасына жатқызылатын
мәдени экспорттың үлкен маңызы мен рөлін жақсы түсінеді. Жапонияның мәдени дипломатиясы
жөніндегі Консультативті кеңесі ұсынған тұжырымдама бойынша ұлттық бұқаралық мәдениеттің
таралуы жалпы Жапонияны түсіну үшін бастапқы саты деп көрсетіледі. Жапония – «глокализация»
саласындағы пионер болып табылады. Жапондану – жапон мәдениетінің басқа мәдениеттерге
қарағанда доминант болатын, ассимиляцияланатын және оларға өзінің ықпалын тигізетін үрдіс.
Батыстың мәдени құндылықтарын Шығыс үшін арнап трансформациялау мүмкіндігін қамтамасыз
етіп және әлем нарығына ұлттық мәдени индустрияның өнімдерін шығару үшін максималды
ұмтылыстар жасап, өркениет аралық диалогқа жаңа мүмкіндік берген Жапония жаһандану
әлемінде қазір ерекше құбылыс болып отыр. Жапонияда жасалған көптеген мәдени жобалар
жаһандық масштабта рухани және материалдық өмірдің бағыттарын қалыптастырады. Жапония мәдени саладағы жаһандану үрдістерінің жаңа аймақтық орталығы ретінде жаңа жаһандық
мәдени кеңістіктің пайда болу үрдісіне белсенді атсалысуда, яғни Батыс пен Шығыстағы
миллиондаған адамдардың өмірі мен көзқарасының жаңа өмір салтын насихаттауда.

Жүктелулер

Как цитировать

Balaubayeva, B., & Idrysheva, Z. (2018). Mass culture in Japan in the context of globalization. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 79(3), 31–39. вилучено із https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/733

Шығарылым

Бөлім

Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері