ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТТА ДЕН ҚОЯТЫН БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ

Авторлар

  • Ж. А. Атымтаева
        153 53

Кілттік сөздер:

сыртқы саясат, экономикалық әлеует, ішкі саясат, геосаяси жағдай, аумақтық тұтастық, саяси ықпал,

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында ден қоятын басымдылықтары жөнінде мол мағлұмат беріледі.Cыртқы саясаттың жасалуы және жүзгізілуі ешқашан ішкі саясаттан бөлек жүзеге асырылмайды. Мемлекеттердің халықаралық майданда ортаға қойған саясаты негізінде ол мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мақсаттары, экономикалық жағдайларының әлеуметтік деңгейі және ішкі саясаттағы болып жатқандардың бір жиынтығы болып алдымызға шығады. Әртүрлі ықпалдардың жиынтығы ретіндегі осы саясаттар халықаралық конъюнктураға сәйкестігі мөлшерінде жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты.Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.
Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы саяси күштердің орналасуымен және
олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси өмірінің
кеңістікте орналасуының өзара байланысымен белгіленеді. Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың құралын көреді.

Библиографиялық сілтемелер

1. Сирота Н.М. Геополитика. – СПб.: Питер, 2006. - С. 7.
2. Фу Чжен Кун. Геополитика Казахстана между прошлым и будущим. - Алматы, 1999.
3. Материалы научно-практической конференции. Центральная Азия и Казахстан в фокусе современных
международных отношений. – Алматы, 2001.
4. Эрлер Г. Европа и Центральная Азия: совместно преодолевать вызовы. Выступление в Комитете по
международным делам, обороне и безопасности казахстанского Мажилис//РИА «Новости». 08.06.2001
5. Выступление комиссара по вопросам внешней политики ЕК Криса Паттена в Алматы 15.03.2004 /
Центральная Азия во внешней политике Европейского Союза. — Алматы, 2004
6. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030. Послание Президента страны народу
Казахстана. - Алматы: Білім, 1997. - 171 с.
7. Указ Президента РК от 26 марта 1999 года № 88 «О Совете безопасности РК».// Национальная
безопасность: итоги десятилетия. Сборник документов. - Астана: Елорда, 2001. - 480 с.
8. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – Алматы, 2000.
9. www.mfa.rz

Жүктелулер

Как цитировать

Атымтаева, Ж. А. (2016). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТТА ДЕН ҚОЯТЫН БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 42(4-5). вилучено із https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/582

Шығарылым

Бөлім

Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері