ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СОПЫЛЫҚ БАУЫРЛАСТЫҚТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН

Авторлар

  • Е. Т. Қартабаева
        54 66

Кілттік сөздер:

ислам діні, мәдени құндылықтар, бұқаралық қозғалыс,

Аннотация

Мақалада сопылық бауырластықтар жөнінде мәлімет беріледі.Ислам дінін ұстанушы Шығыс халықтарының ортағасырлық мәдени мұрасын зерттеудегі өзекті тақырыптардың ішінде ең бір маңыздысы әлі күнге дейін сопылық болып отырғаны жасырын емес. Бұл жағдай сопылықтың исламға дейінгі өркениеттердің мәдени құндылықтарын игеруімен байланысты туындауы мүмкін. Сонымен бірге қазіргі таңда сопылық ислам әлемінің барлық аймақтарында кеңінен тарап отыр, ал «исламның перифериялық аймақтарында», дәлірек айтқанда Алжир мен Кавказда исламның бірден-бір дұрыс түсінігі ретінде қарастырылады.
Орта ғасырлардан бастап дін ғана емес, белгілі бір өмір сүру салтын да туғызған ислам
көптеген елдерде сопылық бауырластықтар желісі түрінде өмір сүрді. Әртүрлі сопылық
бауырластықтарға тән рәсімдік ерекшеліктер, түрлі философиялық тұжырымдамаларды
басшылыққа алу, сопылықтағы ерекше экстаздық жағдай – «хал» жағдайына жету үшін
әртүрлі музыкалық, ақындық немесе би өнерін қолдану немесе өнердің қандай да болмасын түрінен бас тарту – сопылықтағы идеология мен практиканың осы және басқа да бұл жерде айтылмаған түрлері белгілі бір бауырластық жолының ерекшелігін анықтады.

Библиографиялық сілтемелер

1 Суфизм в контексте мусульманской культуры. – М., 1989. - 4 б.
2 Кныш А. Суфизм. Ислам. Исторические очерки. - М., 1991. - 174 б.
3 Кныш А.Д. Мусульманский мистицизм. Краткая история. – М., Спб., 2001
4 Тримингэм Дж.С. Суфийские ордены в исламе. – М., 1989. - 18 б.
5 Арберри А. Дж. Суфизм. Мистики ислама. - М., 2002. - 274 б.

Жүктелулер

Как цитировать

Қартабаева, Е. Т. (2016). ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СОПЫЛЫҚ БАУЫРЛАСТЫҚТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 42(4-5). вилучено із https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/538

Шығарылым

Бөлім

Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері