Түркия мен Ресейдің саяси-энергетикалық қатынастары
Кілттік сөздер:
Түркия, Ресей, энергетика, экономика, стратегия, жоба, нарық, серіктес, қуат көздері, табиғи газ, құбыр, мұнай, шикізат, импорттауАннотация
Түркияның аймақтық деңгейдегі ғана емес, сондай-ақ халықаралық геосаясаттағы ұстанымын нығаютудың негізі ретінде энергетикалық факторды атауға болады. Түркияның экономикасы, өнеркəсібі мен сыртқы саяси ықпалының күшеюі үшін ең қажетті шарт – жаңа қуат көздерінің қамтамасыз етілуі болып табылады. Түркия импорттайтын қуат көздерінің жартысын Ресейден жеткізілетін табиғи газ құрайды. Түркия Ресейдің табиғи ресурстарына, əсіресе газына шектен тыс тəуелді болып кетпеу үшін жаңа, балама энергетикалық, көліктік, логистикалық жобаларын жүзеге асыруға мəжбүр. Бұл жобаларға TANAP, BТЕ, Nabucco, TAP, Транскаспий құбырлары сияқты жаңа энергетикалық шешімдер жатады. Түркия келешекте Ресейге энергетикалық тəуелділігін мақсатты түрде азайтып, Əзірбайжан, Түрікменстан, Иран, Ирақ, Қазақстан сияқты зор əлеуетке ие шикізат экспорттаушыларына арқа сүйегісі келеді. Ресей өз шикізатын Түркия сияқты айтарлықтай ірі нарыққа экспорттауға мүдделі. Түркия болса, энергия көздерін үзіліссіз түрде жеткізіп тұратын Ресей сияқты сенімді серіктеспен жақсы қарым-қатынаста болғысы келеді. Ресей Түркияның бағасы төмен, сапасы жоғары тауарларын сатып алуға мүдделі болса, Түркия да Ресейдің тұрақты бағаға сатылатын қуат көздерін сатып алуға үлкен қызығушылық танытып отыр.Библиографиялық сілтемелер
1 Korotyshev А.P. Rus Toplumu ve Siyasilerin Turkiye’nin Kafkasya Politikasına Bakıshı. Avrasya Uluslararası Ekonomik ve Stratejik
Arashtırma Dergisi, Turkiye Sayı №22, Nisan, Bahar, 2013.S. 38-42
2 Tuncay Babalı. The Role of Energy in Turkey’s Relations with Russia and İran. The Economic Research Foundation of Turkey.
Center for Strategic and İnternational Studies Report. Ankara 29 May 2012. P. 2-6
3 Remi Bourgault. Rossia-Turtsiya, energetika kak osnova otnosheniy. Russie. Nei/ Vision No 69. Frantsuzskiy institute mezhdunarodnyh otnosheniy IFRI. Mart 2013. s. 24
4 Mitat Chelikpala. Turkiye ve Kara Deniz Bolgesinin Yeni Enerji Politikası. Neighbourhood Policy Paper. Kadir Has University.
Center for İnternational and European Studies. No 3. January 2013. P. 13
5 Burcu Kanbal. Turkiye ve Rusya Federasyonu Ilishkilerinde Boru Hatları Diplomasisi. Uluslararası Politikalar Akademisi UPA.13
Şubat 2013. S. 4. http://politikaakademisi.org/?p=4024
6 Marina Shevyeleva, Olga Onoyko. Energeticheskaya politika Turtsiyi v Kaspiyskom regiyone (1998—2009 gg.).Jurnal mezhdunarodnogo prava i mezhdunarodnyh otnosheniy. – 2010. – № 4. – s. 5.

Жүктелулер
Как цитировать
Momynkulov, Z. B., & Ibraemova, E. B. (2016). Түркия мен Ресейдің саяси-энергетикалық қатынастары. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 62(2). вилучено із https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/301
Шығарылым
Бөлім
Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері