ТМҰ: декларативті интеграциядан экономикалық белдеуге
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ1131202610Аннотация
Бұл мақала Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) символдық-идеялық үйлестіруден тұрақты экономикалық ықпалдастыққа қандай жағдайларда өте алатынын талдайды. Зерттеудің өзегінде саяси топтасу институционалдық орындалу деңгейі мен нақты материалдық нәтижелерден озып кеткенде туындайтын «риторика–нәтиже» алшақтығы тұр. Теориялық негіз ретінде өңірлік интеграция теориялары, неофункционализм, үкіметаралық тәсіл және геоэкономикалық талдау ұштастырылды. Эмпирикалық бөлім түсіндірмелі mixed-methods үлгісіне сүйеніп, салыстырмалы институционалдық талдауды, process tracing әдісін және сауда, транзит, инвестиция мен реттеуші үйлесімділік динамикасын сипаттамалық бағалауды біріктіреді. Нәтижелер панидеялық ынтымақтастықтың саяси заңдылық пен жұмылдыру тұрғысынан маңызды ресурс екенін, алайда ол міндетті орындалатын институттарға айналмайынша ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайтынын көрсетеді. ТМҰ-ның орнықтылығы шешімдерді іске асыру тетіктерінің сапасына, экономикалық саясатты үйлестірудің тығыздығына және қатысушылар арасындағы пайданың теңгерімді бөлінуіне тәуелді. Орта дәліз мысалы қазіргі үрдістің екіжақтылығын айқындайды: геоэкономикалық маңызы артқанына қарамастан, инфрақұрылымдық, нормативтік және басқарушылық шектеулер ықпалдастықтың тұрақты, қайталанатын тиімділігін тежеп отыр. Сценарийлік талдау ТМҰ дамуының үш бағытын - инерциялық, шектеулі-прагматикалық және трансформациялық - айқындап, ұзақ мерзімді өміршеңдікке жеткізетін алғышарттар тек «экономикалық белдеу» үлгісіне өткенде ғана қалыптасатынын дәлелдейді. Негізгі қолданбалы қорытынды: декларативті ықпалдастықтан басқарылатын экономикалық ынтымақтастыққа көшу қажет; ол үшін орындалуы міндетті міндеттемелер, жобалық қаржыландыру, өлшенетін KPI және нәтижені тұрақты институционалдық мониторингтеу жүйесі қажет.
Түйін сөздер: Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), өңірлік ықпалдастық, панидеялық ынтымақтастық, экономикалық орындалым, «риторика–нәтиже» алшақтығы, институционалдық үйлестіру, Орта дәліз, геоэкономика, реттеуші үндестіру, транзиттік байланыстылық, инвестициялық ынтымақтастық, сценарийлік талдау.
