Саяси идеология ұғымы және оның шығыс пен батыс ойшылдарының ілімдеріндегі түсіндірілуі
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ113120264Аннотация
Саяси идеология ұғымының мәні, оның қоғам дамуындағы рөлі және Шығыс пен Батыс ойшылдарының ілімдеріндегі идеологияның түсіндірілуі зерттеледі. Шығыс ойшылдарынан Әбу Насыр Фараби, Әмір Темір, Батыс ғалымдарынан Дестут де Траси, Маннгейм, Грамши, Гольднер, Волошинов сияқты ойшылдардың саяси идеологияға қатысты саяси ілімдері салыстырмалы түрде талданады. Зерттеу барысында идеологияның қоғамды басқарудағы, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, мемлекет пен азаматтық қатынастарды қалыптастырудағы рөлі талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты - саяси идеология ұғымының теориялық негіздерін ашып көрсету, Шығыс және Батыс ойшылдарының көзқарастарындағы идеология мәселесінің қалай түсіндірілгенін ашып көрсету және осы көзқарастардың қазіргі саяси үдерістерге әсерін талдау. Зерттеудің әдіснамалық негізін тарихи-салыстырмалы талдау, жүйелік тәсіл, логикалық-аналитикалық әдіс - Шығыс пен Батыс ойшылдарының көзқарастарын салыстырмалы зерттеу, идеологияның саяси жүйедегі орнын тұтас жүйе ретінде талдау, саяси идеология ұғымы мен оның элементтерін логикалық түсіндіру құрайды. Зерттеу нәтижелері саясаттану, философия, тарих және әлеуметтік ғылымдар бағытында оқитын студенттер үшін қосымша оқу материалы ретінде қызмет етеді. Шығыс ойшылдарының ілімінің идеологиялық аспектілері - Шығыс пен Батыстың саяси ойлары арасында ортақтық болғанымен, олардың идеологиялық негіздері айтарлықтай ерекшеленеді. Шығыста саясат рухани-адамгершілік құндылықтармен үйлескен болса, Батыста саяси жүйеге, заңға және азаматтық құқыққа баса назар аударылады. Сонымен қатар, екі мектептің ортақ мақсаты - әділетті қоғамды қалыптастыру және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Осылайша, Шығыс пен Батыс ойшылдарының көзқарастарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау арқылы қазіргі саяси процестерде қандай идеялар басымдыққа ие екенін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әртүрлі саяси идеологиялардың қоғам санасына әсерін, басқару жүйелерін қалыптастырудағы рөлін және саяси мәдениеттің дамуына қосқан үлесін анықтау мүмкіндігі болады.
Түйін сөздер: идея, идеология, саясий идеология, батыс идеологиясы, шығыс идеологиясы
