Қазақстанның энергетикалық дипломатиясы көмірсутектік қуаттан декарбонизацияға дейін

Авторлар

  • А. Садыкова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0009-0008-0266-2610
  • К. Шерьязданова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5419-1138
  • А. Калиева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4645-5214

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ113120265
        42 8

Аннотация

Энергетикалық дипломатия жаһандық энергетикалық нарықтардың трансформациясы, жедел декарбонизация және энергетикалық жүйелердің цифрлануы жағдайында классикалық көмірсутек геосаясатының шеңберінен шығып, жаңа мазмұнға ие болуда. Бүгінгі күні Қазақстан мұнай мен газдың ірі экспорттаушысы ретінде ірі державалар арасындағы бәсекелестікті дәстүрлі ресурстық модель мен энергетикалық өтпелі кезең талаптарының тоғысындғы бірегей геоэкономикалық жағдайында тұр. Бұл мақала энергетикалық нарық трансформациясы мен цифрлық технологиялардың енгізілуі АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы бәсекелестік жағдайында Қазақстанның энергетикалық дипломатиясының қалай өзгеретінін талдайды.

Зерттеу жұмысы энергетикалық өтпелі кезеңнің халықаралық саяси экономика, энергетикалық қауіпсіздік тұжырымдамаларына сүйеніп, теориялық тұрғыдан геоэкономика және оларды цифрландыру мен климаттық реттеу элементтерімен толықтырады. Әдіснамалық жағынан жұмыс үш кейске негізделген аналитикалық дизайнды қолданады: Транскаспий көлік дәлізі (инфрақұрылымдық-геоэкономикалық кейс), ұлттық шығарындылар сауда жүйесі KAZ ETS (институционалдық-климаттық кейс) және KEGOC басқаруындағы электр желілерін цифрландыру (технологиялық кейс).

Зерттеу нәтижелері Қазақстанның энергетикалық дипломатиясы көмірсутек қуаты, транзиттік инфрақұрылым және цифрлық-климаттық құралдарды біріктіретін гибридті модельге айналып жатқанын көрсетеді. Транскаспий дәлізі арқылы маршруттарды әртараптандыру Ресейге транзиттік тәуелділікті төмендетсе, KAZ ETS Еуропалық климаттық режимдермен институционалдық үйлесімділікті арттырады, ал энергетикалық жүйелерді цифрландыру сектордың басқарылуын және инвестициялық тартымдылығын күшейтеді.

Мақала кеңірек контексте энергетикалық өтпелі кезең жағдайында билік тек ресурстарды бақылау арқылы ғана емес, инфрақұрылым, деректер және реттеуші стандарттар арқылы да қалыптасатынын көрсетеді. Қазақстан тәжірибесі орта державалардың энергетикалық және цифрлық трансформациясын өз геоэкономикалық позицияларын нығайту үшін тиімді пайдалану жолдарын айқын көрсетеді.

Түйін сөздер: энергетикалық дипломатия; Қазақстан, энергетикалық өтпелі кезең; декарбонизация; энергетиканы цифрландыру; Транскаспий дәлізі; KAZ ETS; геоэкономика.

Авторлардың биографисы

А. Садыкова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан

Әсем Садықова – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының докторанты (Астана, Қазақстан, e-mail: assem.sadykova@apa.kz).

К. Шерьязданова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан

Камилла Шерьязданова – PhD, доцент, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты (Астана, Қазақстан, kamilla.sheryazdanova@apa.kz).

А. Калиева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Әлия Қалиева – ә.ғ.д., доцент м.а., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, kaliyeva.a@kyzpu.edu.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Садыкова A., Шерьязданова K., & Калиева A. (2026). Қазақстанның энергетикалық дипломатиясы көмірсутектік қуаттан декарбонизацияға дейін. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 113(1), 50–62. https://doi.org/10.26577/IRILJ113120265