«Белдеу және жол» бастамасы: тәуекел ме, әлде мүмкіндік пе?
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ20251124Аннотация
Көпшілік пікірге қарамастан, 2013 жылы Қазақстанда Қытай Халық Республикасының (ҚХР) төрағасы Си Цзиньпин «Жарқын болашақ құрайық» атты сөзінде ұсынған «Жібек жолы экономикалық белдеуі» және сол жылдың қазан айында Индонезия парламентіндегі баяндамасында жариялаған «Теңіз Жібек жолы» тұжырымдамаларының қалыптасу алғышарттары 2007–2008 жылдарға барып тіреледі. Жобаның қазіргі атауы – «Белдеу және жол» бастамасы. Бастаманың жедел ілгерілеуі көбіне тасымал құнының төмендеуі, Қытай экспортының Еуропа нарықтарына (оның ішінде Ұлыбританияға) үздіксіз жетуі және жеткізу мерзімінің қысқаруы туралы күтулермен негізделеді. Алайда бағыт бойындағы транзиттік және қабылдаушы елдердің бұл бастамадан алатын пайдасы жөніндегі жүйелі бағалау жеткіліксіз. Сонымен қатар BRI ауқымы ұлғайған сайын оның географиялық шекаралары, қаржыландыру параметрлері және қатысушы мемлекеттердің жауапкершілік бөлінісі нақты айқындалмағаны, сондай-ақ ықтимал дауларды шешудің құқықтық тетіктері жеткілікті түрде белгіленбегені себепті бастама төңірегіндегі пікірталас күшейді. Бұған қоса, жобаның бастапқы кезеңінде кең тараған «бағыт бойындағы елдер байи түседі» деген уәж уақыт өте «қатысушы елдердің қарыз жүктемесі артып келеді» деген алаңдаушылықпен жиі алмастырылуда. Осы аспектілерді ескере отырып, зерттеу бастаманың Түркия (Türkiye) үшін тәуекел ме, әлде мүмкіндік пе екенін айқындайды және екі ел арасындағы қаржылық деректерді талдау негізінде тәуекелі жоғары салаларды анықтайды.
Түйін сөздер: «Белдеу және жол» бастамасы, Түркия, Қытай Халық Республикасы, экспортимпорт, тәуекел, мүмкіндік.
