Қазақстан мен Қытай арасындағы азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты даму үдерісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ20251123
        4 1

Аннотация

Қазақстан мен Қытай арасындағы аграрлық ынтымақтастық соңғы жылдары екі елдің экономикалық, саяси және экологиялық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар бағытқа айналды. Климаттың өзгеруі, азық-түлік бағасының құбылуы, әлемнің әр жерінде соғыс ошақтарының тұтануы және жаһандық ресурстар тапшылығы жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету екі ел үшін де ұзақ мерзімді тұрақты дамудың басты шарты болып отыр.

Қазақстанның кең егістік алқаптары мен табиғи әлеуеті Қытайдың ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген өсіп келе жатқан сұранысымен ұштасып, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуда. Соңғы жылдары аграрлық сауда көлемінің артуы, қайта өңдеу және логистика салаларындағы жобалардың көбеюі осы серіктестіктің маңызын көрсетеді. Дегенмен, жер пайдалану тетіктерінің ашықтығы, экологиялық қауіпсіздік, ұлттық мүдделерді қорғау және реттеу жүйелерінің үйлесімділігі сияқты бірқатар мәселелер шешуді қажет етеді.

Зерттеу Қазақстан-Қытай аграрлық ынтымақтастығын азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты даму тұрғысынан жан-жақты талдайды. Әдебиеттерге шолу, сандық-сапалық талдау және саясаттанушылық бағалау арқылы 2020–2023 жылдардағы сауда динамикасы мен бірлескен жобалардың әсері зерттелген. Талдау екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері мен шектеулерін көрсетеді, сондай-ақ стратегиялық шешімдер қабылдауға арналған ұсыныстар ұсынады.

Жалпы нәтижелер Қазақстанның жаһандық аграрлық нарықтағы рөлінің артып келе жатқанын және Қытаймен серіктестіктің стратегиялық маңызын айқындайды. Сонымен бірге, Қытайға тәуелділіктің біртіндеп күшеюі екіжақты қатынастар динамикасын терең түсінуді талап етеді.

Түйін сөздер: азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты даму, Қазақстан, Қытай, аграрлық қатынастар.

Авторлардың биографисы

Н. Шарыпқазы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Шарыпқазы Нұртәліп – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: nuriknaiman16@gmail.com).

А.М. Нуржаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Нуржаева Алина Маратовна (корреспондент- автор) – PhD, Сүлейман Демирель университетінің аға оқытушысы (Қасқелең, Қазақстан, e-mail:  nurzhayeva@gmail.com).

Б. Маулит , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Маулит Бақытнұр – старший преподаватель кафедры китаеведения Казахского национального университета имени аль-Фараби (Алматы, Казахстан, e-mail: 2010zere@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Шарыпқазы, Н. ., Нуржаева, А. ., & Маулит , Б. . (2025). Қазақстан мен Қытай арасындағы азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты даму үдерісі. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 112(4), 28–41. https://doi.org/10.26577/IRILJ20251123