Орталық Азияның су сын-қатерлері контекстінде климаттық дипломатияны концептуализациялау
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ202511135Аннотация
Мақалада Орталық Азиядағы су мәселелері контекстіндегі климаттық дипломатия тұжырымдамасы талданады. Бұл аймақ климаттың өзгеру салдарына, гидрологиялық күйзеліске және сақталып отырған геосаяси қысымға жоғары осалдығымен сипатталады. Халықаралық қатынастар және экологиялық басқару саласындағы қосарланған теориялық тәсілдерге негізделе отырып, климаттық дипломатия трансшекаралық су дауларын шешу және түсіну үшін бір мезетте аналиталық құрал және практикалық механизм ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижесі көрсеткедей, климаттың өзгеруі мұздықтардың еруі, құрғақшылықтың жиілеуі және маусымдық су жетіспеушілігі есебінен аймақтағы су қауіптерін күшейтеді. Теориялық талдау конструктивизм, институционализм және халықаралық режимдер теориясы Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен қарама-қайшылық модельдерін түсіндіруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ қазіргі аналитикалық және практикалық тәсілдердің шектеулерін айқындайтынын көрсетеді. Мақалада экологиялық қауіпсіздік, тұрақты даму және трансшекаралық су ресурстарын басқару қағидаттарын біріктіретін климаттық дипломатияның аймақтық тұжырымдық моделін қалыптастыру ұсынылады. Бұл модель климаттық дипломатияны тек қақтығыстарды алдын алу және жұмсарту тетегі ретінде ғана қарастырмай, сонымен қатар аймақтық кооперацияны нығайту және ұжымдық тұрақтылықты дамыту алаңы ретінде қарастырады. Талдау климаттық дипломатия дискурсын дамытуға теоретикалық үлес қосады, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен сыртқы акторлар арасыедағы ынтымақтастықты дамыту бойынша қолданбалы ұсыныстар береді.
Түйін сөздер: климаттық дипломатия, Орталық Азия, су сын-қатерлері, су ресурстарын басқару, экологиялық қауіпсіздік.
