Халықаралық құқықтағы бітістірушілік институтының кейбір даму тенденциялары туралы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ20251126
        11 3

Аннотация

Мақала халықаралық құқықтағы бітістірушілік институтының эволюциясын және оның өзгеруінің қазіргі тенденциялары жан жақты зерттеуге арналған. Классикалық дипломатиялық формалардан құқықтық, институционалдық, гуманитарлық және технологиялық элементтерді біріктіретін аралас (гибридті) модельдерге көшу себептері қарастырылады. 1899 және 1907 жылдардағы Гаага конвенцияларында және БҰҰ Жарғысының 33-бабында бекітілген делдалдықтың халықаралық-құқықтық негіздері, сондай-ақ БҰҰ АА № 65/283 қарарының және Еуропалық Одақтың 2020 жылғы бейбіт  бітістірушілік  тұжырымдамасының мысалында делдалдық практиканы дамыту талданған. Дипломатияның дәстүрлі шеңберін кеңейтетін бітістірушіліктің  гибридті модельдерін қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес актерлердің және жеке тұлғалардың рөліне ерекше назар аударылды. Нақты мысалдарда – Колумбия бейбітшілік процесі, Сербия Мен Косово арасындағы Брюссель диалогы, Астана процесі-көп деңгейлі өзара іс-қимылдың практикалық нәтижелері көрсетілген. Қорытындылай келе, тәжірибе алмасу, мемлекеттер мен ұйымдардың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған күш-жігерін үйлестіру үшін институционалдық платформа ретінде халықаралық медиациялық хаб құру идеясы негізделген. Негізгі нәтижелер көп деңгейлі және сектораралық тәсіл жаһандық саясаттың сын-қатерлеріне неғұрлым икемді жауап беруге мүмкіндік беретінін көрсетті, ал дипломатия мен азаматтық қатысу элементтерінің араласуы бітімгершілік процестердің тұрақтылығы мен тиімділігін арттырады. Зерттеудің үлесі халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің тиімділігін арттыруға және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін бітістірушіліктің қазіргі заманғы нысандарын институционализациялау қажеттілігін негіздеу болып табылады.

Түйін сөздер: халықаралық құқық, бітістірушілік, медиация, дау, жанжал. 

Авторлардың биографисы

А.С. Иржанов, Парламентаризм институты, Астана, Қазақстан

Алимжан Самигуллаевич Иржанов (корреспондент-автор) – з.ғ.к., Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының бас маманы, МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК (Астана, Қазақстан, e-mail: alimzhany@mail.ru)

Ш.А. Саймова, Парламентаризм институты, Астана, Қазақстан

Шолпан Алтынбековна Саймова – PhD, Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының бастығы, МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК (Астана, Қазақстан, e-mail: saimova85@gmail.com)

С.К. Панов, Парламентаризм институты, Астана, Қазақстан

Султан Куангалиулы Панов – құқық магистрі, Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының бас маманы, МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК, (Астана қ., Қазақстан, e-mail: sultan.panov.04@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Иржанов, А., Саймова, Ш. ., & Панов, С. . (2025). Халықаралық құқықтағы бітістірушілік институтының кейбір даму тенденциялары туралы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 112(4), 74–83. https://doi.org/10.26577/IRILJ20251126