ЕАЭО мүшелері арасында тәжірибе алмасу перспективасында Қазақстанның магистрлік бағдарламаларын іске асыру тәжірибесін талдау (РФ мысалында)

Авторлар

  • М.А. Симонова Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РУДН), Мәскеу, Ресей Федерациясы https://orcid.org/0000-0001-6370-1873
  • Ж.В. Пузанова Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РУДН), Мәскеу, Ресей Федерациясы https://orcid.org/0000-0002-7405-3303
  • Т.И. Ларина Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РУДН), Мәскеу, Ресей Федерациясы https://orcid.org/0000-0003-1331-1302

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ202511026
        151 7

Аннотация

Қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси үдерістер және ЕАЭО елдерінің білім беру жүйелерін трансформациялау халықаралық қатынастарда «жұмсақ күш» элементтері ретінде әрекет ететін жоғары білім беру саласындағы үздік тәжірибелермен өзара алмасу міндетін өзектендіреді. Еуразиялық интеграция аясында Ресейдің стратегиялық серіктесі болып табылатын Қазақстанның магистрлік бағдарламаларын іске асыру тәжірибесін талдау аса маңызды болып көрінеді. Қазақстанның тәжірибесіне назар аудару оның ЕАЭО-дағы басты рөліне, Ресеймен тығыз тарихи, экономикалық байланыстарға және елдер арасындағы ауқымды академиялық ұтқырлыққа байланысты. Қазақстандық магистрлік бағдарламалар бәсекеге қабілеттіліктің артып келе жатқанын көрсетеді, бұл олардың халықаралық рейтингтерге енгізілуімен расталады.

Мақалада Патрис Лумумба атындағы Ресей Халықтар Достығы университетінің зерттеушілерімен ашық дереккөздер және әкімшілік өкілдерімен сұхбат негізінде жүргізген Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының (үш мемлекеттік және екі жеке) магистрлік бағдарламаларын іске асыру тәжірибесіне талдау жасалынады.

Еуразиялық интеграция және жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында Қазақстанның жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясатының ерекшеліктері сипатталған, аса көрнекті магистрлік бағдарламалар ұсынылған, қабылдау ерекшеліктері, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және сараптау ерекшеліктері, түлектерді жұмысқа орналастыру аспектілері көрсетілген.

Алынған деректерді талдай отырып, авторлар магистрлік бағдарламалардың сапасын арттыру және ЕАЭО шеңберіндегі білім беру ынтымақтастығын тереңдету үшін ресейлік жоғары оқу орындарында (РУДН мысалында) жүзеге асырылуы мүмкін бірқатар ұсыныстар жасады.

Түйін сөздер: Ресей, Қазақстан, ЕАЭО, магистратура, жоғары білім, білім беру интеграциясы, тәжірибе

Авторлардың биографисы

М.А. Симонова, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РУДН), Мәскеу, Ресей Федерациясы

Симонова Мария Александровнат.ғ.д., доцент, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті салыстырмалы білім беру саясаты оқу-ғылыми институтының директоры (РУДН) (Мәскеу қ., Ресей, e-mail: simonova-ma@rudn.ru).

Ж.В. Пузанова, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РУДН), Мәскеу, Ресей Федерациясы

Пузанова Жанна Васильевнат.ғ.д., профессор, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің әлеуметтану зертханасының меңгерушісі (РУДН) (Мәскеу қ., Ресей, e-mail: puzanova-zhv@rudn.ru).

Т.И. Ларина, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РУДН), Мәскеу, Ресей Федерациясы

Ларина Татьяна Игоревна (корреспондент-автор) – ә.ғ.к., Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің әлеуметтану кафедрасының доценті (РУДН) (Мәскеу қ., Ресей, e-mail: larina-ti@rudn.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Симонова, М., Пузанова, Ж. ., & Ларина, Т. . (2025). ЕАЭО мүшелері арасында тәжірибе алмасу перспективасында Қазақстанның магистрлік бағдарламаларын іске асыру тәжірибесін талдау (РФ мысалында). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 110(2), 64–74. https://doi.org/10.26577/IRILJ202511026

Шығарылым

Бөлім

Аймақтанудың өзекті мәселелері