Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы рөлін қайта қарау
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ202511027Аннотация
XX ғасырдың соңындағы оқиғалардан кейін әлемдік геосаяси ландшафт өзгеріске ұшырады. Бұл кезең екіполюсті жүйенің жойылуымен сипатталды. Дәстүрлі парадигмалар ауысып, түрлене бастады. Мемлекетаралық қатынастар құрылымы, ішкі және сыртқы саясаттың өзара байланысы, олардың өңірлік және жаһандық үдерістерге араласуы бүкіл әлемдік жүйені күрделендірді. Біз бұрын-соңды болмаған, геосаяси сипат алған әлемдік шиеленістің куәсі болып отырмыз.
Мұндай үдерістер Еуропалық Одақты (ЕО) да айналып өткен жоқ. Жаһандану жағдайындағы Еуропалық Одақтың қызмет етуінің мәні мен ерекшеліктері әлеуметтік, экономикалық, энергетикалық, саяси және басқа салалардағы жағдайлардың тез өзгеруімен сипатталады. Құрлық ұзақ уақыт бойы стратегиялық белгісіздік пен жан-жақты дағдарыс жағдайында болғандықтан, ЕО өз дүниетанымын, басымдықтарын және саяси стратегиясын қайта қарауға мәжбүр. Осы күрделі кезеңде Еуропа үшін Орталық Азия өңірі Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретінде маңызды геосаяси мәнге ие болуда.
Еуропалық Одақ аймақтағы өз мүдделерін көздей отырып, Орталық Азия бойынша стратегиялар әзірлеуде. Бұл стратегияларда ЕО-ның Орталық Азияның бес мемлекетімен (Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан) қарым-қатынастары ғана емес, сонымен қатар Ауғанстанды да аймақтық күн тәртібіне енгізу қарастырылған. Бұл шара Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды тұрақтандыруға бағытталған. Осы зерттеуде стратегиялардың тиімді болмау себептері және Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы саясаттарын қайта қарауға ықпал еткен факторлар жан-жақты талданады.
Түйін сөздер: Орталық Азияға арналған стратегия, Ауғанстан, демократияландыру Еуропалық Одақ, ЕО мүдделері, державалар бәсекелестігі, Орталық Азия.
