Қазақстан мен Тәжікстан: стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық перспективалары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ202511022
        134 17

Аннотация

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастар Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік пен тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 1993 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік сенімді және жан-жақты сипатқа ие болды. Бұл зерттеуде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың тарихи қалыптасуы, негізгі жетістіктері, қазіргі сын-қатерлері және болашақ даму перспективалары жан-жақты қарастырылады. Ерекше назар келісімшарттық негізге, одақтастық өзара әрекеттестікке, көлік логистикасы, энергетикалық және су қауіпсіздігі, сауда теңгерімсіздігі мен гуманитарлық байланыстарға аударылады. Зерттеу барысында қолданылған теориялық-әдістемелік тәсілдер – аймақшылдық, неореализм, институционализм және неоклассикалық реализм – екіжақты қатынастардың кең ауқымды халықаралық және аймақтық контексте дамуын түсінуге мүмкіндік береді. Қазіргі жаһандық қауіп-қатерлер жағдайында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдету Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақты дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.

Түйін сөздер: Қазақстан, Тәжікстан, Орталық Азия, дипломатиялық қатынастар, сыртқы саясат, екіжақты ынтымақтастық, сауда-экономикалық серіктестік, аймақтық ынтымақтастық және қауіпсіздік.

Авторлардың биографисы

Ж.Қ. Түймебаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: zhanseit.tuimebayev@kaznu.kz).

К.Х. Хушвахтзода , Тәжікстанның Ұлттық ғылым академиясы, Душанбе қ., Тәжікстан

Хушвахтзода Кобилджон Хушвахт – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының президенті (Душанбе қ., Тәжікстан, e-mail: tgnu@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Түймебаев, Ж. ., & Хушвахтзода , К. . (2025). Қазақстан мен Тәжікстан: стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық перспективалары. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 110(2), 14–26. https://doi.org/10.26577/IRILJ202511022

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері