Обама және Трамптың заңсыз көші-қон туралы дискурсын секьюритилендіру аясында салыстыру
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ202510911Аннотация
Бұл зерттеу жұмысында 2009-2021 жылдар аралығында американдық саяси кеңістіктегі өзекті және даулы тақырыптардың бірі болып табылатын заңсыз көші-қон туралы дискурстың өзгеру үдерісі қарастырылады. Зерттеу жұмысының тұжырымдамалық негізі – Оле Вавердің секьюритилендіру концепциясына құрылған. Зерттеудің әдістемелік базасы ретінде контент- және сентимент-талдау әдістерін біріктіретін аралас әдісі таңдап алынды.
Сонымен қатар, зерттеуде қолданылған сандық әдістің негізгі мақсаты – саясаткерлердің ресми сөздерінде авторлар ұсынған кілт сөздердің санын есептеуге бағытталған. Ал, сапалық әдістің міндеті – саяси мәлімдемелердің контекстік шеңберіндегі «қаттылық» шкаласы бойынша іріктемедегі барлық сәйкестіктерді бағалау болып табылады.
Зерттеу нәтижесінде авторлар Обама мен Трамптың риторикасы айтарлықтай өзгерген деген қорытындыға келеді. Мәлімдемелер көбінесе бейтарап немесе негативті деп жіктеледі. Обама көші-қон туралы негізінен позитивті немесе бейтарап түрде мәлімдеме жасаған. Бұл зерттеу жұмысы АҚШ-тағы заңсыз көші-қон үдерістері аясындағы Президенттік дискурстың жан-жақты талдауын қамтамасыз ету арқылы қазіргі кезге дейін жүргізілген зерттеулердегі олқылықтың орнын толтыруға ықпал етеді.
Авторлар зерттеудің соңғы бөлігінде заңсыз көші-қон дискурсының секьюритилендіру шеңберіндегі тенденциялық нарративі 2024 жылы қайта сайланған Трамптың ерекшелігі болып қала береді деп санайды.
Түйін сөздер: секьюритилендіру, Барак Обама, Дональд Трамп, ресми дискурс, заңсыз көші-қон.
