Түркілік интеграция және Қазақстан мен Түркия мысалында миграциялық әлеуетті бағалаудың кейбір аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ2025109110Аннотация
Түрк интеграциясының түрлі аспектілері қазіргі халықаралық қатынастар аясында, әсіресе Орталық Азия өңірінде зерттеу тақырыбы болып табылады. Орталық Азия кеңістігі үшін түркі интеграциясы факторын сыртқы саясатта теңгерім мен дамудың мүмкіндігі ретінде, сондай-ақ ұлттық мүдделерді ілгерілету үшін бір бағыт ретінде қарастыруға болады. Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) белгілі бір кезеңдерден өтіп, халықаралық ұйым мәртебесін алды. Қазіргі таңда ТМҰ стратегиялық басымдықтарды анықтау үдерісін өткеруде және әрі қарай кеңею мүмкіндігіне ие. ТМҰ-ның жарияланған мақсаты - бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ түркі тілдес елдердің ортақ тарихы мен мәдени мұрасын сақтай отырып, ынтымақтастықты дамыту және әлеуетті күшейту. Сонымен қатар, ұйым мүше мемлекеттер арасында халықаралық ынтымақтастықты тереңдету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көпір рөлін атқарады. ТМҰ аясында әлі толық зерттелмеген маңызды аспектілердің бірі – миграциялық процестердің әлеуеті, ол ұйым кеңістігінің барлық елдерін қамтиды. Түркі мемлекеттері ұйымы миграциялық процестерді, ең алдымен, қауіпсіздік тұрғысынан қарастырады, белгілі бір қызмет түрлері диаспоралармен ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған, бірақ миграциялық процестер мен олардың экономикалық, инвестициялық және білім беру салаларындағы салдары әлі кешенді зерттелмеген және жеткілікті түрде қарастырылмаған. Бұл контексте ең айқын мысал ретінде соңғы жылдары бірнеше өңірдің қиылысында миграциялық хабқа айналып келе жатқан Түркияға қоныс аудару үрдісі көрінеді. Қазақстан мен Түркия арасындағы миграциялық жағдай, атап айтқанда Қазақстаннан Түркияға көші-қоны, экономикалық, мәдени-білім беру және басқа да процестер тұрғысынан мобильділік әлеуетін бағалау үшін қызықты болып табылады.
Түйін сөздер: Түркі интеграциясы, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, инвестициялық көші-қоны, білім көші-қоны, Қазақстаннан Түркияға көші-қоны.
