Францияның сыртқы саясатындағы «жұмсақ күшті» қолдану ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ202510912Аннотация
Бұл мақалада «жұмсақ күш» түсінігінің әлемдік саясат шеңберінде көп қырлы талдауы берілген; Оның жаһандық саясаттағы эволюциясы мен маңызын зерттеуге талпыныс жасалуда. Жұмсақ күштің француз моделін талдауға, оның теориялық негіздеріне, жүзеге асыру құралдары мен халықаралық аренадағы ықпалына ерекше назар аударылады. Автор Францияның «жұмсақ күшінің» негізгі элементтерін – мәдени дипломатияны, франкофонияны ілгерілетуді, ғылыми-зерттеу және академиялық ынтымақтастықты, туристік тартымдылықты және медиа саясатын талдайды. Француз және американдық үлгілер арасында салыстыру жүргізіліп, Францияның сыртқы саяси стратегиясын қалыптастырудағы тарихи контексттің рөлі талқыланады.
Зерттеудің мақсаты – Францияның «жұмсақ күшінің» ерекшеліктерін анықтау және оның бүгінгі күні халықаралық қатынастардың шынайылығында қаншалықты тиімді екенін анықтау. Жұмыста салыстырмалы талдау әдістері, тарихи дереккөздерді зерттеу және халықаралық рейтингтер қолданылады. Зерттеу нәтижелері «жұмсақ күш» өзінің түсініксіздігі мен практикалық қолданудағы қиындығына байланысты даулы ұғым болып қала беретінін көрсетеді. Концепцияның дамуының негізгі кезеңдері – Дж. Най идеяларынан халықаралық қатынастар саласындағы заманауи зерттеулерге дейін баса назар аударылады. Француз тәжірибесін талдау Францияның тарихи мұраға, тілге және институционалдық тетіктерге негізделген ықпалын күшейту үшін мәдени және дипломатиялық құралдарды сәтті қолданатынын көрсетеді.
Зерттеу сыртқы саяси стратегияның практикалық құралы ретіндегі құндылығын көрсете отырып, жұмсақ күш теориясын дамытады. Жұмыстың теориялық құндылығы халықаралық процестердегі әсер ету тетіктерін тереңірек түсінуге ықпал ететін құбылысты сыни тұрғыдан түсінуде. Зерттеудің практикалық маңыздылығы мемлекеттердің халықаралық беделі мен ықпалын арттыруға бағытталған сыртқы саяси шараларды тұжырымдау үшін қорытындыларды пайдалану мүмкіндігін негіздеуде.
Түйін сөздер: жұмсақ күш, Франция, мәдени саясат, ел имиджі, Франкофония
