Қайтарымды көші-қон және елдің экономикалық дамуы: Қазақстан мен Оңтүстік Кореяны салыстырмалы талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ202510919Аннотация
Бұл зерттеу жұмыс Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның экономикалық дамуына қайтарымды көші-қонның әсерін зерттейді. Негізгі мақсат – еңбек нарығына, кәсіпкерлік белсенділікке және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бейімделу процестеріне оралған мигранттардың рөлін бағалау. Зерттеу теориялық сипатқа ие болып, ұлттық статистиканы, халықаралық есептерді және тереңдетілген сұхбаттар мен басқа да сапалы зерттеулерден алынған деректерді өңдеуді қамтитын салыстырмалы талдауға негізделген. Бұл зерттеу мигранттардың табысты реинтеграциясына еңбек нарығының мүмкіндіктері, шетелдік біліктілікті тану және мемлекеттік қолдау тетіктері әсер ететінін көрсетеді. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанда қандастар көбінесе жеке кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығында жұмыс істейтінін, ал Оңтүстік Кореяда олар жоғары технологиялық және өнеркәсіптік секторларға біріктірілгенін көрсетеді. Мигранттардың оралуына негізгі кедергілер қаржылық шектеулер, әкімшілік кедергілер және әлеуметтік-мәдени қиындықтар болып табылады. Зерттеу нәтижелері Қазақстан мен Оңтүстік Кореяда елге оралғандар үшін әртүрлі саясаттардың әртүрлі жағдайлар жасайтынын да көрсетеді. Қазақстанның саясаты демографиялық және ұлттық бірегейлікті тұрақтандыруға бағытталған болса, Оңтүстік Кореяның көзқарасы еңбек нарығына білікті жұмыс күшін қосуға басымдық береді. Зерттеу нәтижелері сонымен қатар нақты реинтеграция стратегияларының, қаржылық көмек көрсету бағдарламаларының және жеңілдетілген бюрократиялық шаралардың қажеттілігін көрсетеді Бұл зерттеу көші-қон, даму және реинтеграция туралы академиялық және қоғамдық дискурсқа ықпал етеді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін қайтару көші-қон стратегияларын оңтайландыру және интеграциялық шараларды әзірлеу үшін пайдалану мүмкіндігінде жатыр. Көші-қонның қай аспектілері қоғамға реинтеграцияны сәтті жеделдете алатынын түсіну арқылы бұл мақала елдердің осы бағыттағы мемлекеттік саясатын қалай жақсартуға болатыны туралы ұсыныстар береді.
Түйін сөздер: қайтарымды көші-қон, экономикалық даму, диаспораны тарту, Қазақстан, Оңтүстік Корея.
