АҚШ пен Қазақстанның технологияларды беру саласындағы ынтымақтастығы: сынақтар мен перспективалар
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ202511021Аннотация
Мақалада АҚШ пен Қазақстан арасындағы технологиялар трансфері саласындағы ынтымақтастық талданады, осы өзара әрекеттестіктің негізгі сын-тегеуріндері мен перспективалары қарастырылады. Жаһандану және технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында білім мен инновацияларды тиімді түрде беру Қазақстанның экономикалық өсуі мен жаңғыруының маңызды факторына айналуда.
Мақалада Қазақстан дипломатиясындағы «технологиялар мен оларға байланысты құқықтарды бір тараптан екінші тарапқа беру және оларды енгізу мен пайдалану» үдерісінің негізгі аспектілері, сондай-ақ осы үдерістің оларды жаһандық деңгейде енгізу және ілгерілету бойынша халықаралық бастамаларға қосқан үлесі қарастырылады.
Автор бірлескен ғылыми зерттеулер, алмасу бағдарламалары және инвестициялық бастамалар сияқты ынтымақтастықтың қолданыстағы механизмдерін қарастыра отырып, заңнамалық жүйелердегі айырмашылықтар, мәдени кедергілер мен инфрақұрылымның жетіспеушілігі сияқты негізгі тосқауылдарды анықтайды.
Мақалада сондай-ақ технологиялар трансфері саласындағы тиімді халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әртүрлі мәселелер қарастырылып, талқыланады. Сонымен қатар, елдер мен ұйымдар арасында білімді, инновацияларды және озық әзірлемелерді неғұрлым тиімді алмасуды қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттары талданады.
Мақалада ынтымақтастықты жақсарту бойынша ұсыныстар беріліп, стратегиялық жоспарлау мен инновациялар үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығы атап өтіледі. Бұл екі елге де әріптестіктің артықшылықтарын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: технологияларды беру, технологиялық даму, инновациялар, зияткерлік меншік, тұрақты экономикалық өсу, дипломатия, халықаралық бастамалар.
