Реализм контекстіндегі «шағын мемлекеттің (small state)» сыртқы саясатын талдау: Қырғызстан мысалында

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v107.i3-01
        67 34

Аннотация

Бұл зерттеу Қырғызстанның шағын мемлекет ретіндегі сыртқы саясатын реалистік контекстте талдауды мақсат етті. Зерттеу авторлары реализм тұжырымы негізіндегі халықаралық және аймақтық қатынастардағы  шағын мемлекеттердің сыртқы саясатының сипаты мен болмысы туралы концепцияларды сараптай отырып, алты түрлі концептуалдық сараптамалық критерийлерді қалыптастырды. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек,

Біріншіден, Қырғызстанның әлемдік үрдістерге пассивті қатысуы оның шағын мемлекет ретіндегі мүмкіндіктерінің шектеулі екенін көрсетті. Мемлекеттің әскери-саяси, әлеуметтік, экономикалық әлеуетінің шектеулілігі оның халықаралық қатынастарда дербестікке қол жеткізуге кедергі келтіреді. Екіншіден, Қырғызстанның халықаралық бастамалары негізінен символикалық сипатта болып, стратегиялық артықшылықтар бермеді. Бұл мемлекеттің аймақтық және әлемдік саяси үдерістерде сыртқы бастамаларға тәуелді болуына алып келді. Үшіншіден, Қырғызстанның географиялық орналасуы мен табиғи ресурстарының шектеулілігі оған өз мүддесіне сай, тиімді сыртқы саясат жүргізуге мүмкіндік бермейді. Төртіншіден, қалыптасқан халықаралық құқық нормаларына сүйену елдің әлемдік үдерістерде егемендігін сақтаудағы маңызды стратегия болып табылады. Бесіншіден, халықаралық ұйымдарға мүше болуға ұмтылу, оның сыртқы қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерге төтеп берудің басты стратегиясы болып табылады. Алтыншыдан, Қырғызстан сыртқы саясатында классикалық бейтараптыққа ұмтылмайды. Себебі оның территориясында АҚШ пен Ресей әскери базалары бар. Сондықтан, реализм концепциясы Қырғызстанның сыртқы саясатының сипаттарын түсіндіруде маңызды рөл атқарады.

Кілт сөздер: сыртқы саясат, реализм, шағын мемлекет, Қырғызстан, мемлекеттік мүдде

Авторлардың биографисы

С.М. Парпиев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Парпиев Сырым Маратович, Ph.D., Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан)

 

А.Е. Мухаметжан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Мухаметжан Ақбота Ерлікқызы – 3-курс докторанты, Халықаралық қатынастар факультеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: akbota.mukhametzhan@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Парпиев, С. ., Мухаметжан, А., & Жекенов, Д. (2024). Реализм контекстіндегі «шағын мемлекеттің (small state)» сыртқы саясатын талдау: Қырғызстан мысалында. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 107(3), 4–29. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v107.i3-01

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері