Азық-түлік қауіпсіздігі және көші-қон: Орталық Азиялық көзқарастар таласы
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v106.i2-03Аннотация
Азық-түлік қауіпсіздігі және көші-қон мәселелері -бұл халықаралық қатынастар саласын- да қажетті деңгейде назар аударылмаған бір-бірімен байланысты ұғымдар болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігінің болмауы басқа дәстүрлі емес қауіпсіздік қатерлерімен бірге соңғы онжылдықтарда көптеген елдердегі саяси тұрақсыздықтың себебі болды. Орталық Азияда азық-түлік қауіпсіздігінің болмауы және көші-қон күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге айналып отыр. Алайда, олардың мемлекетке әсері аймақтағы әр елде әр түрлі болады. Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі себебі,XIX ғасырдың екінші жартысында бұл аймақ бірте-бірте Патшалық Ресейдің отаршылдық билігіне өтіп, аймақта азық-түлік дақылдарын өсірудің орны- на мақта монокультурасы енгізілген кезден басталады. Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты елдерде азық-түлік қауіпсіздігі мен көші-қон арасындағы байланыс айқын көрінеді, өйткені олардың жастары Ресейге еңбек көші-қонымен жиі қоныс аударады. Қазақстан азық- түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етеді және осы үш ел сияқты азық-түлік проблемаларына тап бол- майды. Түркменстанда азық-түлік қауіпсіздігінің болмауы да проблема болып табылады, дегенмен бұл елге қатысты деректердің қолжетімді болмауы қандай да бір қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Орталық Азия елдері азық-түлік қауіпсіздігі мәселелесін шешумен айналысқанмен, бұл мәселеніңтиімді шешімі аймақтық ынтымақтастық мен серіктестікекені анық. Сонымен қатар бұл мақалада Орталық Азия елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін Үндістан мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті туралы зерделенеді.
Түйін сөздер: Үндістан, Орталық Азия, азық-түлік қауіпсіздігі, көші-қон, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан.