Ресейден Қырғызстанға қайтымды көші-қоны: Қырғызстанда сандық көшпенділер
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v105.i1.03Аннотация
Зерттеу соңғы онжылдықта, әсіресе постковидтік кезеңде «сандық көшпенділер» құбылысына назар аудара отырып, Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына қайтымды көші-қонды талдауға арналған. Тақырыпқа кіріспе көші-қон проблемасының өзектілігін және оның қоғамдық үдерістерге әсерін көрсетеді. Жұмыстың мақсаты – қайтымды көші-қонның негізгі бағыттары мен идеяларын анықтау, «сандық көшпенділердің» ерекшеліктерін және олардың Қырғызстандағы әлеуметтік-мәдени аспектілерге әсерін көрсету. Сандық көшпенділер – бұл бүкіл әлем бойынша саяхаттайтын және қашықтан жұмыс істейтін адамдар. Зерттеу әдістемесі статистикалық деректерді талдауды, компаративті әдісті, ретроспективті әдісті, сипаттамалық әдісті қамтиды. Алынған нәтижелер мен талдау қайтарымды көші-қонның негізгі факторларын бөліп көрсетуге және олардың елдегі қоғамдық процестерге әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы көші-қон процестерінің динамикасын және олардың Қырғызстанның әлеуметтік саласына әсерін тереңірек түсінуді қалыптастыруда көрінеді. Зерттеу қайтымды көші-қонның жаңа аспектілерін және оның «Сандық көшпенділердің» қалыптасуына әсерін ашу арқылы білім саласына үлес қосады. Зерттеудің практикалық құндылығы – қайта оралған мигранттарды біріктіруге және олардың туған еліне бейімделуін қолдауға бағытталған тиімдірек саясаттар мен бағдарламаларды әзірлеу мүмкіндігі болып табылады.
Түйін сөздер: сандық көшпенділер, көші-қон, Қырғыз Республикасы, Ресей.