Дипломатиялық тәжірибедегі жаңа технологиялық құралдар

Авторлар

  • А.Б. Аусадық Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Е.С. Чукубаев Нархоз университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Р.Е. Уткелбай Нархоз университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v104.i4.01
        218 177

Аннотация

Мақалада цифрлық технологиялардың дипломатияға тигізетін әсері, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты талдауға талпыныстар жасалынған.

Цифрлық технологиялар дәуірінде әрине әлеуметтік медиа барған сайын танымал бола бастады, олар дипломатиялық қарым-қатынас модельдерінің түбегейлі өзгеруіне ықпал етті. Әлеуметтік медиа нақты коммуникация мен қоғамдық дипломатиядан тыс саясаттың нақты құралына айнала бастады. Цифрлық дағдылар халықаралық және дипломатиялық қатынастар саласындағы ең сұранысқа ие дағдылардың біріне айналды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар азаматтар мен қоғамдық пікірді жұмылдыруда белсенді рөл атқарып келеді, сондай-ақ тіпті сыртқы және ішкі саяси шешімдер виртуалды платформаларды пайдаланушылардың әрекеттеріне байланысты бола бастады. Әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерінің арқасында оң ақпарат таратылады, мемлекеттің ұстанымы дәлелді түрде түсіндіріледі, адал және ашық диалог жүргізіледі.

Цифрлық дағдылар халықаралық және дипломатиялық қатынастар саласындағы ең сұранысқа ие дағдылардың біріне айналды. Қазіргі дипломаттар өздерінің кәсіби қызметінде, бір жағынан, бұқаралық ақпарат құралдарына және олар тарататын мазмұнға көбірек тәуелді, ал екінші жағынан, олар өздерінің сыртқы саяси мақсаттары мен өз елінің қолайлы имиджін қалыптастыру үшін қоғамның әртүрлі топтарын қолдауға мәжбүр.

Түйін сөздер: ұлттық дипломатия, цифрлік дипломатия, технологиялық құралдар

Жүктелулер

Как цитировать

Аусадық, А. ., Чукубаев, Е., & Уткелбай, Р. (2023). Дипломатиялық тәжірибедегі жаңа технологиялық құралдар. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 104(4), 4–10. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v104.i4.01