Үндістанның Қазақстандағы сыртқы саясаты: ынтымақтастықтың әлеуетін талдау

Авторлар

  • А.М. Муратбекова Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0001-5908-6564
  • А.А. Хитахунов Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты https://orcid.org/0000-0003-3455-563X

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v105.i1.07
        127 96

Аннотация

Үндістан экономикалық және саяси профильді нығаюына сәйкес сыртқы саясатын өзгертуде. Бұл өзгерістер енгізуде премьер-министр Нарендра Модидің рөлі мен саяси амбициялары өте маңызды. Үндістанның сыртқы саяси көзқарасындағы өзгерген бағыттардың қатарында Модидің 2015 жылдың жазында Орталық Азияның барлық бес мемлекетіне жасаған «тарихи» сапары кіреді. Бұл турне Үндістан мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастың жаңа тарауы ретінде қабылданды.

Қазақстан Үндістанның аймақтағы ең ірі сауда және стратегиялық серіктесі бола отырып, бұл жетістіктерге үлкен үміт артты. Үндістанның Қазақстанмен қарым-қатынастары тарихи және мәдени байланыстар туралы дәстүрлі риторикаға қоса, Үндістан экономикасы мен халқының әлеуетін ескере отырып, ынтымақтастықтың жаңа деңгейлерін күтті. Дегенмен, талдау Үндістан мен Қазақстан арасындағы экономикалық өзара іс-қимыл мүмкіндіктері әлі де шектеулі қолданылатыны көрсетеді.

Бұл мақала 2014 жылы премьер-министр Нарендра Моди сайланғаннан бері Үндістанның Қазақстанға қатысты сыртқы саясаты дамуын, сондай-ақ экономикалық нәтижелерін зерттеуге бағытталған. Біріншіден, мақала премьер-министр Моди кезіндегі Үндістанның сыртқы саясатын ашады. Содан кейін Үндістанның Қазақстанмен екі жақты қарым-қатынасына назар аударады, ынтымақтастықтың аймақтық және екіжақты саяси механизмдерін қамтиды. Әрі қарай, мақала экономикалық көрсеткіштерге, екіжақты сауда және инвестициялық байланыстарды талдауға және ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын ұсынуға бағытталған. Қорытындысында, мақала Үндістан мен Қазақстан арасындағы қазіргі қарым-қатынастарды және олардың ынтымақтастығын кеңейту үшін әлеуеттерін қарастырады.

Түйін сөздер: Үндістан, Қазақстан, Үндістан-Қазақстан қатынастары, сауда, инвестиция

Авторлардың биографисы

А.М. Муратбекова, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ.

Муратбекова Альбина Мырзахановна (корреспондент автор) – PhD, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: muratbek@gmail.com)

А.А. Хитахунов, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты

Хитахунов Азимжан Арсенович – PhD, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: azimkhun@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Муратбекова, А., & Хитахунов, А. (2024). Үндістанның Қазақстандағы сыртқы саясаты: ынтымақтастықтың әлеуетін талдау. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 105(1), 69–78. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v105.i1.07