Түркия және Түркі Республикалары арасындағы қатынастарда жаңа әріптестік: қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v105.i1.06Аннотация
Кеңестік дәуірден кейінгі уақытта, Түркия жаңадан тәуелсіздік алған Орталық Азия және Кавказ елдерімен қарым-қатынастарын нығайтуға берік болды. Бастапқы кезде бұл қатынастар экономика, мәдениет және білім салаларын қамтыса, 2000 жылдары энергетикалық ынтымақтастық пен халықаралық бастамаларға бағыт алды. 2010 жылдары Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТҮРКПА) және Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) сынды платформалардың пайда болуы, түркі халықтары арасындағы бірлікті нығайтуға ықпал етті. Қорғаныс пен әскери салалар ынтымақтастықтың негізгі орталықтарына айналды. Түркия бұл жерде шешуші рөл атқарып, өзінің қорғаныс өнеркәсібінде айтарлықтай табысқа жетті, 2022 жылға қарай ішкі өндіріс көлемі 80%-ға жетті. Бұл мақалада Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі тарихи контекст пен негізгі даму бағыттары қарастырылған, сондай-ақ Түркі Республикаларымен дипломатиялық қатынастар қалыптастырудағы оның ролі ерекше атап өтілген. Сонымен қатар зерттеу, Түркияның аймақтық күшке айналуға деген ұмтылысын, өз көршілерінде тұрақтылық пен бейбітшілікті қолдауын және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ықпалын кеңейтуді көрсетеді. Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан сынды елдермен жасалған ынтымақтастықтар әскери келісімдер мен серіктестіктердің орнауына әкелді. Бұл дамулар, түркі халықтарының өз қорғаныс қабілеттері мен өнеркәсіптерін жақсартуға, глобалды қорғаныс аренасындағы біліктілік пен тәжірибе алмасудағы стратегиялық мақсаттарын білдіреді.
Түйін сөздер: қауіпсіздік, Қазақстан, Түркия, Түркі елдері, қорғаныс өнеркәсібі, Түркі мемлекеттері ұйымы.