Сырдария өзені мысалындағы Орталық Азия елдеріндегі су ресурстары экологиялық көші-қонның факторы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v104.i4.02Аннотация
Қазіргі әлемде су ресурстарының сапасының нашарлауы нәтижесінде көші-қон ағындарының саны артып келеді. Жаһандық климаттың өзгеруі және табиғи көздерді, атап айтқанда трансшекаралық өзендерді антропогендік пайдаланудың күшеюінің әсерінен олардың сарқылуы мен деградациясы жеделдейді. Нәтижесінде, осы ресурстарды пайдаланатын адамдар ең жағымсыз әсерге ұшырайды және қоныс аударуға немесе жаңа жағдайларға бейімделуге мәжбүр болады.
Осы зерттеуде Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің бойындағы белсенді экологиялық көші-қон процесін және осы процестің Орталық Азия өңіріне әсерін анықтауға әрекет жасалды. Сырдария өзенінің су ресурстарының өзгеруіне байланысты адамдардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесінің өзгеруі нәтижесінде көші-қонның статистикалық көрсеткіштерінің динамикасы зерттелуде. Су ресурстары мен көші-қон арасындағы байланысты анықтау үшін жеке тұлғаның әлеуметтік-экономикалық мәртебесінің өзгеруі нәтижесінде экологиялық немесе климаттық мигранттар санының өсуіне тәуелділікті, салыстырмалы және статистикалық талдауды анықтауға мүмкіндік беретін корреляциялық әдіс қолданылды, нәтижесінде көші-қонның теріс сальдосының өсу динамикасы және су ресурстарының осы процеске әсер ету дәрежесі анықталды.
Алынған нәтижелер Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын түзету кезінде пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ көші-қон саласындағы зерттеушілер үшін қызықты.