Ресей-Америка «ойынын» зерттеу: ақпараттық соғыс мысалы

Авторлар

  • Fan Wenjin Шанхай халықаралық зерттеулер университеті жанындағы Шанхай жаһандық басқару және аймақтық зерттеулер институты, ҚХР, Шанхай қ. http://orcid.org/0009-0000-1626-1705

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v103.i3.08
        180 137

Аннотация

Соңғы жылдары АҚШ пен Ресей арасындағы жұмсақ күш үшін күрес күшейе түсті. Ресей бұқаралық ақпарат құралдарын қарқынды түрде дамытуда. Сириядағы соғыс және АҚШ сайлауы секілді оқиғалар кезінде Ресей АҚШ пен Батыс елдерінің БАҚ және басқа коммуникация құралдары арқылы ақпарат ағындарына деген монополиясын біртіндеп бұза алды. Соған қарамастан АҚШ бастаған батыс елдері соңғы коммуникациялық мүмкіндіктер бойынша басымдығын сақтап келеді де ақпараттық кеңістікті өз мүдделері мен стандарттарына сәйкес манипуляциялай отырып, белсенді түрде пайдалануда. Америка Құрама Штаттары әлемдік қоғамдық пікірге айтарлықтай ықпал ете отырып, жаһандық дискурсті күште артықшылыққа ие болуды жалғастыруда. Батыс елдері ақпараттық үстемдікке жету үшін ақпарат таратуда заманауи технологияларды пайдаланады. Ресейдің 2022 жылдың 24 ақпанында басталған арнайы әскери операциясы Украинадағы жағдайдың күрт шиеленісуіне әкеліп соғып, халықаралық қауымдастыққа әлі де әсер етуде. Бұл арнайы операция мобильді интернет дәуіріндегі «уақыт пен кеңістіктің интеграциясын» жүзеге асыруға бағытталған алғашқы ірі әскери қақтығыс болды. АҚШ пен басқа да Батыс елдері Ресей-Украина әскери қақтығысында сыртқы тарап болып табылады да, әскери қимылдарға тікелей қатыспайды. Қазір Ресеймен қиян-кескі ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Ресей мен Америка арасында бастапқыда құрылымдық қарама-қайшылықтар болғандықтан және әскери фактор оларды ақпараттық салада күшейткендіктен, жалғасып жатқан қақтығысты жаңа «дүниежүзілік соғыс» деп атайды. Осы қақтығыстағы ресейлік-американдық ақпараттық соғыстың себептері мен сипаттамаларын зерттеу ресей-украиндық қақтығыстың табиғатын, ресей-американ саяси ойынының негіздерін, сондай-ақ ресей-американдық қатынастары бағытын терең түсінуге ықпал етеді.

 Түйін сөздер: алпауыт державалар ойыны, геосаясат, ресей-американ қарым-қатынасы, ақпараттық соғыс

Жүктелулер

Как цитировать

Wenjin, F. (2023). Ресей-Америка «ойынын» зерттеу: ақпараттық соғыс мысалы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 103(3), 75–86. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v103.i3.08