Пандемиядан кейінгі Қытай-Орталық Азия ынтымақтастық перспективаларына талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v101.i1.06Аннотация
ҚХР-ның Орталық Азия елдерімен экономикалық ынтымақтастығы табысты дамып келеді, алайда аймақтық экономикалық интеграцияда күтпеген қиындықтар туындады және бұл процесс өте баяу жүріп жатыр. Орталық Азия елдерінің Қытайға деген көзқарасы және оның имиджі Қытай сценарийі бойынша аймақтық экономикалық интеграцияны жүзеге асыруға кедергі келтіретін негізгі себептердің бірі болып табылады. Сондықтан Қытайдың имиджін жақсарту және дамыту Қытай Орталық Азиямен қарым-қатынасты нығайтуда ұстануға тиіс жол, сонымен қатар Жібек жолы экономикалық белдеуін құрудың маңызды факторы болып табылады. Біртұтас және тартымды бейнені жасау үшін Қытайдың Жібек жолы экономикалық белдеуі жақсы мүмкіндіктерді жаратқан еді алайда жаңа вирус пен пандемия мәселесі Қытайдық әлем және Орталық Азиядағы көршілерімен қарым-қатынастардың дамуын баяулатты. Зерттеу мақаласы бес мемлекетті қоса алғанда, Орталық Азия аймағындағы Қытайдың қазіргі пост-ковидтік кезеңдегі бейнесі мен ынтымақтастық перспективасын қайта қарастырып оны талдауға бағытталған. Пандемия ҚХР-ның аймақтағы имиджіне қатты теріс әсер етті. Бүгінгі таңда ҚХР алдында маңызды міндеттердің бірі-бұл жағдайды түзету. Постковидтік кезең ҚХР-ның аймақта экономикалық қатысуын күшейтеді деп күтілуде.
Түйін сөздер: Қытай, Орталық Азия, Жібек жолы экономиаклық белдеуі, пандемия, перспективалар, қабылдау