«Шанхай Ынтымақстастық Ұйымы. Жаңа көкжиектерді зерттеу / Жауапты ред. С. Марочкин, Ю. Безбородов. Лондон: Routledge Taylor& Francis, 2022. – 262 б.» кітапқа рецензия
Аннотация
Өңірлік және өңіраралық бірлестіктерді (ұйымдарды, одақтарды, топтарды) құру және дамыту халықаралық қатынастардағы ортақ үрдіске айналды. Өңірлік ынтымақтастық жаһандық өзара іс-қимыл үшін жағдайлар мен тетіктер жасайды. Өңірлік мемлекетаралық бірлестіктер санының айтарлықтай өсуі байқалады және қазіргі уақытта әрбір дерлік мемлекет кем дегенде бір өңірлік бірлестікке кіреді. Бұл үрдіс КСРО-ның өмір сүруі тоқтаған Еуразиялық кеңістікті де айналып өтпеді. Бұрын КСРО құрамына кірген жаңа мемлекеттер өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін өңірлік және өңіраралық ынтымақтастық бірлестіктерін (ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО және т.б.) құра бастады. Аймақтық тенденциялар ШЫҰ-ның құрылуына әкелді. Ұйым аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін құрылды және географиялық ауқымы мен халқы бойынша әлемдегі ең ірі аймақтық ұйымға айналды. Осыған байланысты ұжымдық монографияны жариялау ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ұйымының қызметін, ынтымақтастық бағыттары мен салаларын, сондай-ақ ШЫҰ алдында тұрған тұжырымдамалық мәселелерді зерделеуге маңызды үлес болып табылады.
Түйін сөздер: Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, гуманитарлық ынтымақтастық, өзара сауда, адам құқықтары, қауіпсіздік, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, өңірлік ынтымақтастық