Заманауи өзгерістер жағдайындағы аймақтық интеграция: ЕО мен АСЕАН мысалында

Авторлар

  • A. М. Rustemova Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-1756-7527
  • A. M. Bilibayeva Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0009-0002-5230-3954

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v101.i1.08
        172 124

Аннотация

Мақалада экономикалық, саяси және әлеуметтік саладағы дағдарыстық құбылыстарды ұжымдық түрде жеңу мақсатында аймақтық интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі мемлекеттердің өзара іс-қимылының тиімділігі қарастырылады. Зерттеу барысында қазіргі саяси жүйе мен халықаралық қатынастардың маңызды категориясы ретінде интеграция ұғымын зерттеу міндеттері анықталып шешілді. Сондай-ақ, мемлекеттердің аумақтық бірлестігінің алғышарттары болған бірқатар факторлар анықталды. Олардың қатарында: бірлестік шешімдер қабылдауды талап ететін мәселелер, аумақтық көршілік, экспорттық  аймақ құра отырып, ірі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мен өндірістік қуатын арттыру жәнеде ішкі нарықтың сұраныстарын қанағаттандыру. Жоғарыда аталған факторлардың ішінде аймақтын әр мемлекетіне әсер ететін дағдарыстық жағдайды ұжымдық шешу, елдерді интеграциялық ұйымдарға біріктірудің маңызды себептерінің бірі болып табылады. Өйткені интеграцияланған бірлестіктер шешімді жедел және тиімді қабылдауға және жаһандық мәселелер жағдайында стратегияны іс жүзінде енгізуді қамтамасыз етуге көбірек мүмкіндіктерге ие. Бұл мақалада коронавирустық пандемия кезіндегі ЕО және АСЕАН елдерінің дағдарысқа қарсы саясатының аспектілері талданады. Коронавирустық инфекцияның өршуі экономика деңгейінің төмендеуіне себеп болды, әлеуметтік салаға әсер етті, жекелеген мемлекеттердің де, әлемдік қауымдастықтардың да саясатына түзетулер енгізді. COVID-19 көптеген әлеуметтік институттардың дәрменсіздігін көрсетіп, олардың ішкі мәселелерін анықтап, адам қызметінің көптеген салаларын сынақтан өткізді. Жұмыстың нәтижесі ретінде халықаралық қатынастардың интеграцияланған субъектілерінің COVID-19 контекстіндегі дағдарыстық жағдайларды шешу жолында көрсетген тепкілер мен қабылданған іс-шаралар, сондай-ақ дағдарысқа қарсы жүргізілген саясаттарының салдарын айқындаған сипаттамаларды қарастыруға болады. Интеграцияланған бірлестіктердің ішіндегі өзара әрекеттесу дәрежесі мен әр мүшесінің процеске қосылуын бағалау маңызды мәселе болып табылады. Сонымен қатар, іс-әрекеттердің үйлесімділігі немесе, керісінше, бытыраңқылығы, интеграция ағымының нығаюымен қарқындылығын, немесе томенділігін анқтауға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: аймақтық интеграция, дағдарыс, COVID-19, ЕО, АСЕАН, заманауи өзгерістер.

Жүктелулер

Как цитировать

Rustemova A. М., & Bilibayeva, A. M. (2023). Заманауи өзгерістер жағдайындағы аймақтық интеграция: ЕО мен АСЕАН мысалында. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 101(1), 74–83. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v101.i1.08