«Сецессия» құбылысының концептуалдық сипаттамасын жүйелеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v100.i4.06
        130 110

Аннотация

«Сецессия» , «сецессионистік қозғалыстар » құбылысы Екінші Дүниежүзілік соғыстан  кейін кеңінен таралған ұғымға айналды. Сәйкесінше, бұл құбылыс пәнаралық контекст негізінде кеңінен зерттеліп келді. Бұл зерттеудің мақсаты – «сецессия» құбылысын сипаттайтын тұжырымдарды қарастыра келе, концепциялардың мән-мазмұндық сипатына қарай жүйелеу болып табылады.

Бұл зерттеу сецессияға тұжырымдарды 6 топқа бөліп қарастырды. Біріншіден, сецессиялық қозғалыстарды либералдық критерийлер негізінде моральдық-нормативтік көзқараспен (approach) түсіндіруге болады. Екіншіден, саяси-экономикалық контекст негізінде  мемлекеттердегі әлеуеті артта қалған аймақтардың саяси-экономикалық әлеуеті жоғары дәрежеде дамыған аймақтарға әрқашан «ауыр жүк» болады дейтін қағидатқа негізделеді. Үшіншіден, сецессия құбылысы  экономикалық рационалдылық контексті негізінде  экономикалық тиімділігі мен тиімсіздігі критерийлері бойынша сипатталады. Төртіншіден, сецессионистік қозғалыстардың келіп шығуы, дамуы халықаралық жүйелер ықпалы мен  сыртқы акторлардың араласуының нәтижесінде пайда болатындығына назар аударады. Бесіншіден, мемлекеттік, аймақтық деңгейдегі саяси-экономикалық, діни институттардың үйлестірушілік сецессионистік қозғалыстарды пайда болуының негізгі факторы ретінде қарастырады. Алтыншыдан, сецессия құбылысының пайда болуы потенциалды сецессионистік топтың стратегиялық басты мүдделері мен оны жүзеге асырудағы әрекеттерінің жүйелілігі концептуалдық тұжырымның басты бағыты ретінде қарастырады.

Түйін сөздер: сецессия, сецесионистік қозғалыстар, сецессия тұжырымы, егемендік, территориялық біртұтастық, концептуализация, этникалық қақтығыстар

Жүктелулер

Как цитировать

Parpiyev, S. M., Byuzheyeva, B. Z., & Alipbayev, A. R. (2022). «Сецессия» құбылысының концептуалдық сипаттамасын жүйелеу. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 100(4), 49–56. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v100.i4.06

Шығарылым

Бөлім

Аймақтық үдерістерді зерттеудің тұжырымдық негіздері