Қазақстанның саяси кеңістігіндегі демократиялық реформалар: соңғы оқиғалар мен қиындықтар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v100.i4.02
        257 169

Аннотация

Қазақстан 2022 жылғы қаңтар айының басында 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бергі отыз жылдан астам уақыттағы ең үлкен саяси дағдарысқа тап болды. Дағдарыс жанармай бағасының қымбаттауына қарсы наразылықтардан басталып, ол жаппай тәртіпсіздікке, одан кейін қуғын- сүргінге ұласып, соңында бәрі өз орнына келді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл оның президенттігінде орын алған ең үлкен дағдарыс болғанымен, ол дер кезінде жағдайды бақылауға алды, ал бұл өз кезегінде елдегі демократиялық реформалар үшін мүмкіндіктер ашады. Мақалада Қазақстанда жүргізіліп жатқан демократиялық реформаларға қатысты соңғы оқиғалар мен мәселелерге назар аударылады. Негізгі мақсат және міндет – демократиялық реформаларға бағытталған негізгі бастамаларды, атап айтқанда, Тоқаевтың президенттігіне дейін де, оның кезінде де Қазақстан жүргізген саяси реформаларды қарастыру. Себебі негізін қалаушы президент те, қазіргі президент те осы Орталық Азия мемлекеті әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін Қазақстанның саяси кеңістігінде демократиялық реформалар болуы қажет деп есептейді. Бұл зерттеуде қолданылған әдістер негізінен Қазақстанның демократиялық реформалар бағдарламалары мен бастамаларындағы әртүрлі көзқарастар мен тәжірибелерді түсінуге көмектескен сапалы әдістерді қамтиды. Мақалада демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар шараларға қарамастан, болашақта Қазақстанның саяси кеңістігінде демократиялық қайта құрулардың қалай дамитынын болжауға әлі ерте екені айтылған.

Түйін сөздер: саяси реформалар, Қазақстан-2030 стратегиясы, Қазақстан-2050, бес институттық реформа және 100 нақты қадам.

Жүктелулер

Как цитировать

Mishra, M. K. (2022). Қазақстанның саяси кеңістігіндегі демократиялық реформалар: соңғы оқиғалар мен қиындықтар. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 100(4), 15–24. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v100.i4.02

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері: елтану көзқарасы негізінде