Қытайдың COVID-19 індетімен күреске қосқан үлесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v100.i4.04
        89 81

Аннотация

2019 жылдың соңындағы жаңа коронавирус індеті – бүкіл адамзаттың ортақ жауы.
COVID-19 індетінің жылдам таралуы жаһандық қоғамдық денсаулық қауіпсіздігіне үлкен қиындық
туғызды. Қазіргі уақытта жаһандану экономикалық белсенділіктен әлдеқайда асып түсті және
жаһандану саяси, мәдени, экологиялық және денсаулық сақтау саласын қамтиды. Тереңдеген
жаһандану тауарлар мен адамдардың шекарадан өтуінің бұрын-соңды болмаған жеделдетілуіне
әкелді, ал халықаралық сауда мен туризмнің өсуі әсіресе жұқпалы аурулардың жекелеген елдер
мен аймақтардан тыс таралуын жеңілдетіп, халықаралық таралудың кең етек алуына әкелді.
Сондықтан жұқпалы аурулар енді жеке ұлттық немесе аймақтық бақылау мәселесі емес және
егеменді мемлекеттер денсаулық сақтау мәселелеріне тек біржақты әрекетпен жауап бере
алмайды. Барған сайын күрделі жаһандық пандемия жағдайында халықаралық қауымдастықтың
пандемиямен күресу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатқаны туралы кең консенсус бар. Пандемиямен
күресу – егеменді елдердің басқару және жаһандық басқаруға қатысу қабілетінің қос сынағы.
COVID-19 пандемиясынан бері Қытай індетке қарсы «бірінші қорғаныс желісін» құру үшін ең
жан-жақты, қатаң және мұқият шараларды қабылдады.
Түйін сөздер: Қытай моделі, пандемия, COVID-19 індетімен күресу, гуманитарлық көмек.

Жүктелулер

Как цитировать

Sarybayev, M. S., & Guo, H. (2022). Қытайдың COVID-19 індетімен күреске қосқан үлесі. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 100(4), 32–39. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v100.i4.04

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері: елтану көзқарасы негізінде