Адам капиталы мен бәсекеге қабілеттіліктің мемлекеттің геосаяси мүддесіндегі маңызы: Қазақстан мен Қытай қатынастары негізінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRIJ.2022.v99.i3.05
        109 336

Аннотация

Мақалада ұлт пен мемлекет және тәуелсіздік мәселесінде ұлттық экономиканың маңызды орны ортаға салынады. Ұлттық экономиканы өркендететін маңызды үш фактордың  (жер мен ресурс, техникалық-өндірістік әлеует және адами капитал) ішінде адами капиталдың маңызды екендігі көрсетіледі. Ол үшін әлемдегі ұлттық байлығы ең мол және бәсекеге қабілеттілігі жоғары елдерді мысалға ала отырып түсіндіреді. Мақалада Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасын экономикалық-географиялық тұрғыда салыстыра талдау жасалады. Екі елдің географиялық орны, табиғи-ресурстық әлеуеті және нарыққа өтудегі ерекшеліктері тұрғысында жан-жақтылы зерттеулер жасалады. Екі мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің алшақ болуындағы себептер іздестіріледі. Қазақстан мен Қытай арасындағы дамудың бірдей болмауының негізгі себебі – адами капитал немесе бәсекеге қабілеттілікте екендігі анық әрі нақты факторлармен дәлелденеді. Мақалада сондай-ақ  Қытайдың ұзақ уақыт білім мен ғылымға мән бермеуінен экономикалық-әлеуметтік және  саяси тұрғыда әлем елдері ішінде артта қалғаны, алайда нарықтық экономикаға өткен соң ғылым мен  білімге барынша көңіл бөлгені және жеткен нәтижесі баяндалады. Қазақстанның білім мен ғылымға бөлген қаржылық әлеуеті Қытаймен салыстырыла талдау жасалады. Мемлекеттің ғылым мен білімге деген көзқарас мен қаржылық қолдауының жоғары болуы сыртқы саудадағы үлесі және салатын инвестициясынан көрініс табатыны тұжырымдалады.

Түйін сөздер: саяси тәуелсіздік, ұлттық экономика, бәсекеге қабілеттілік, адами капитал, ғылымдағы ЖІӨ-нің үлесі, инвестиция, сыртқы сауда.

Жүктелулер

Как цитировать

Sarkytkan, K., Masimkhanuly, D., & Abidenkyzy, A. (2022). Адам капиталы мен бәсекеге қабілеттіліктің мемлекеттің геосаяси мүддесіндегі маңызы: Қазақстан мен Қытай қатынастары негізінде. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 99(3), 51–64. https://doi.org/10.26577/IRIJ.2022.v99.i3.05