Халықаралық валюталық және қаржылық интеграцияның елдердің экономикалық дамуына әсері: Еуропалық тәжірибе

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRIJ.2022.v99.i3.04
        107 111

Аннотация

Мақалада шетелдік экономистердің еңбектерін толық талдау негізінде валюта одағына қатысушы елдер үшін экономикалық әсерлерді анықтауға әрекет жасалады. Валюталық одақтарды құрудың әлемдік тәжірибесі алуан түрлі, әлемде 100-ден астам интеграциялық бірлестіктер бар, олар өздерінің біртектілігі мен бірегейлігімен сипатталады. Алайда, барлық аймақтық одақтардың ішінде тек Еуропалық одақ интеграцияның жоғары деңгейіне жетті, ал еуро толыққанды аймақтық валютаға айналды. Осылайша, осы тақырыптағы зерттеулердің көпшілігі Еуроаймақтың даму тәжірибесіне арналған. Көптеген эмпирикалық зерттеулер сауда ағындары мен кірістердің өсуі, инфляцияның төмендеуі және валюта бағамының құбылмалылығы түрінде бірыңғай валютаны енгізу кезінде оң әсерлерін анықтайды. Екінші жағынан, басқа зерттеулер валюта одағы ұлттық экономиканың даму деңгейіне оң әсер етпейтінін, керісінше қатысушы елдердегі макроэкономикалық құбылмалылықты арттырады деп мәлімдейді. Зерттеу нәтижесінде елдің халықаралық валюта-қаржы интеграциялық қатынастарына кіру кезіндегі пайдасы мен шығындары туралы авторлық түсінік берілді. Экономикалық интеграцияны күшейтудің әсері әр уақыт кезеңі үшін және белгілі бір аймақтық бірлестік үшін әр түрлі болады деген қорытынды жасалды. Қорытындылардың негізділігі жалпы ғылыми әдістер негізінде жүзеге асырылды: монографиялық шолу, аналитикалық және жүйелік тәсілдер, салыстырмалы және тарихи-логикалық талдаулар, индукция және дедукция әдістері.

Түйінді сөздер: валюта одағы, экономикалық интеграция, бірыңғай валюта.

Жүктелулер

Как цитировать

Khamzayeva, A. V., & Perneyeva, G. A. (2022). Халықаралық валюталық және қаржылық интеграцияның елдердің экономикалық дамуына әсері: Еуропалық тәжірибе. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 99(3), 36–50. https://doi.org/10.26577/IRIJ.2022.v99.i3.04