Ауыр жүкпен ұзақ сапарға шығу: Қырымдағы жәдидшілік және ұлттық қозғалыс
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v97.i1.10Аннотация
Бұл зерттеуде Бақшасарайдан басталып, кейін түріктер мекендеген әр жерге тараған Қырым жәдидшілерінің мұраттары туралы сөз етуге тырысамыз. Жәдидшілдік пен жәдидшілер туралы сөз қозғау үшін жәдидшілдіктің бастаушыларының бірі, ұлы түрік ұлтшылы Исмаил Гаспыралыны айта кеткен жөн. Исмаил Гаспыралы осы ұғымға атау берген Усуль-и Жәдит мектептерінің негізін қалаушы және қорғаушысы. Жәдидшілер туралы жазылған еңбектер Исмаил Гаспыралдың шығармалары десек қателеспейміз. Ұлттық қозғалысты зерттеу қазіргі саяси ғылымының өзекті бағыты болып табылады. Ұлттық интеллигенцияның Ресей империясы аумағында мәдени бірегейлікті сақтау жөніндегі қызметі қазақстандық отандық ғылымда да тікелей маңызға ие. Жәдидшілдік идеялары Қырымда ғана емес, Қазақстанда да кең танымал болды. Исмаил Гаспыралы қызметі Ресей империясының бүкіл аумағында ұлттық қозғалыстың жандануының катализаторы болды деп айтуға толық негіз бар. Тәуелсіздік соғысы жалғасып жатқан кезде дипломатиялық байланыстар жасау үшін 1921 жылы 17 қаңтарда Бұхара Халық Республикасынан делегация Анкараға келді. Делегация Мұстафа Кемалға үш алтын кестелі қылыш пен Темірге тиесілі Құранды сыйға тартты. Жәдидизм жаңа Түркия Республикасының құрылу кезеңінде негізгі философиясы болды.
Түйін сөздер: Жәдидшілдік, Ислам, Пантуранизм, Қырым, Ұлтшылдық.