“Ассоциативтік трионың” Ресейдің жақын шетелдегі сыртқы саясатына кері әсерін талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v97.i1.08Аннотация
Еуропалық Одақтың (ЕО) 2007 жылы шығысқа қарай соңғы кеңеюінен кейін шығыстағы көршілерін белсенді еуропалық интеграцияға тарту әрекеттері негізінен сәтсіз аяқталған болатын. Бұл мәселенің Ресей үшін сезімталдығы және ЕО-ның шығыстағы көршілерінің қажетті реформаларды жүргізе алмауы осы мемлекеттердің еуропалық интеграциясындағы ілгерілеуді тежейтін негізгі себептердің бірі болды. Алайда 2021 жылдың 17 мамырында Грузия, Молдова және Украина еуропалық интеграцияға қатысты ортақ мүдделі мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық пен үйлестіруді күшейту арқылы еуропалық бастаманы жандандыруға бағытталған жаңа бастама көтерді. Бұл мақалада Батысқа қарсы тұру және өзінің “жақын шетелдегі” геосаяси ықпалының ескі парадигмасын сақтауға тырысу арқылы Ресей елі Грузия, Молдова және Украина арасындағы ынтымақтастыққа және “Ассоциативтік трионы” құруға үлкен үлес қосқаны зерттеледі. Осы мемлекеттердің ісіне өрескел араласу мен олардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі нәтижесінде Грузия, Молдова және Украинаның еуропалық ұмтылыстарында қозғаушы күштердің бірі болатын ортақ ресеймен текетірестің бастамасын әзірледі. Бұл ретте жаңа бастамаға үш елдің қатысуы сырттан және іштен итермелеген демократияландыру мен реформалардың жүзеге асыру факторлары арқасында мүмкін болды.
Түйін сөздер: Ассоциативтік трио, Грузия, Молдова, Украина, Ресей, еуропалық интеграция.