Америка киносының ұлттық стереотиптердің қалыптасуына, бейнеленуіне және таралуына әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v97.i1.03
        826 443

Аннотация

Қазіргі кезде кино ең танымал және кең таралған бұқаралық ақпарат құралы болып табылады. Технологияның дамуы мен өмірдің қарбалас қарқыны дәуірінде және фильмдердің баспа бұқаралық ақпарат құралдарынан басым бола бастаған кезеңде, кинематограф тұтас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда. Кинематограф өнерінде көрсетілетін шындық өзекті мәселеге айналды. Экрандағы шындық нұсқасы көбіне біздің оған деген көзқарасымыздың және нақты жағдайдың көрінісі болып табылады. Біздің бүкіл өміріміз таптауырындарға негізделген және оларға қатысты біздің жеке көзқарасымызға қарамастан, олар тұлғаның айналадағы шындықты, өзін және басқа адамдарды бағалауда маңызды өлшемге айналды. Ең көп таралған таптаурындардың жиынтығы ретінде кинематограф қабылдау таптаурынын іс жүзінде жүзеге асырудың мысалы болып табылады. Голливуд өз кезегінде фильмдері арқылы әртүрлі нәсілдер мен мәдениеттерді стереотиптеуде үлкен рөл атқарады. Осыған орай  авторлар бұл мақалада ұлттық стереотиптерді қалыптастырудағы құралдарға талдау жүргізген. Бұл зерттеуде басты мақсаты – фильмдер арқылы бүкіл әлемге таптауырындарды тарату және көрсету құралы ретінде Голливудтың рөлін айқындау. Мұқият талдау мен практикалық зерттеулер (сауалнамалар мен сұхбаттар) жүргізу арқылы авторлар таптауырындардың қаншалықты фильмдерде көрсетілетін шындыққа сәйкестігін және әртүрлі ұлттық/этникалық топтардың танымал американдық фильмдердегі өз бейнесіне қаншалықты қанағаттанатындығын анықтайды. Зерттеу адамдарға фильмдерден көретін үстіртін бейнелерді қалай айқындау керектігі туралы ұсыныстар жасалған, себебі осындай бейнелер халықаралық қарым-қатынастардың сәтті дамуына кедергі келтіруі мүмкін.

Түйінді сөздер: таптаурын, Голливуд, жұмсақ күш, американдық кино, нәсілшілдік, нанымдар, халықаралық бейне, ұлттық өкілдік, ұлттық бейне, кемсітушілік, азиялық таптаурын, қара нәсілшілдер туралы таптаурындар, мұсылмандар туралы таптаурындар.

Жүктелулер

Как цитировать

Kuzembayeva, A., Aussadyk, A., & Sarsekbay, D. (2022). Америка киносының ұлттық стереотиптердің қалыптасуына, бейнеленуіне және таралуына әсері. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 97(1), 20–29. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v97.i1.03

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері