БАҚ конвергенциясы қалыптастыру құралы ретінде және Қытай саясатындағы жұмсақ күшті қолдану
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v98.i2.03Аннотация
БАҚ конвергенциясы қалыптастыру құралы ретінде және Қытай саясатындағы жұмсақ күшті қолдану Жаһандану және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы кезеңінде мемлекеттер арасындағы билік пен халықаралық қатынастар жүйесіне ықпал ету үшін түрлі күрестер толастамай тұр. Мұндай жағдайда, негізгі фактор әлемдік саясат акторларының сыртқы саяси жоспарларға дипломатиялық, экономикалық, ақпараттық-идеологиялық, әскеристратегиялық және басқа да құралдарды пайдалану, коммуникация құралдарын интеграциялау, медиа кеңістікте ақпарат таратудың әртүрлі тәсілдерін қолдану және біріктіру, ақпараттарды қабылдауды жақсарту және бұқаралық санаға әсер етуін күшейту мақсатында, аталған тәсілдер ерекше өзекті болып табылады. Саяси саладағы және халықаралық қатынастардағы медиа конвергенция держава мәртебесiне үмiткер мемлекеттердің көпшiлiкке жаппай ықпал ету, өз мәдениетiн тарату елдiң имиджiн арттыру құралына айналады. Алайда, осы тұжырымдаманың саяси қыры академиялық ғылыми салада жеткілікті түрде жан-жақты және кеңінен қарастырылмаған, бұл оны әлемдік геосаяси күрес аренасының жетекші акторларының халықаралық және өңірлік саясатта қолдану үшін нақты тәсілдерді барынша мұқият зерделеу қажеттілігін көрсетеді. Мақалада Қытайдың БАҚ конвергенциясы тұжырымдамасын жаһандық медиа кеңістігінде және Орталық Азия аймағының медиа кеңістігінде «жұмсақ күш» ретінде пайдаланудың тиімді екендігі қарастырылады. ҚХР қарама-қайшылықсыз тәсілдер арқылы өзін ұлы держава ретінде көрсете отырып, халықаралық қатынастар жүйесіне ықпалын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына, оның әртүрлі типтері мен нысандарын қолдануға және үйлестіруге, шетелге белсенді әсер етуге және жұмыс істеуге қолданады, осы бағыттағы стратегияға көп инвестиция жұмсайды. Қорытындылай келе, автор Аспан асты елі саясатының оң имиджін арттыруға, оның ішінде медиа конвергенция әдісін пайдалану арқылы белсенді ету жайлы болжамдар жасайды.
Түйін сөздер: БАҚ, жұмсақ күш, Қытай, Орталық Азия, медиа конвергенция.