Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыс (proctracted social conflict) Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының алғышарты ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v96.i4.03
        85 641

Аннотация

Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстар кейбір мемлекеттердегі сепаратистік немесе сецессионистік қозғалыстардың негізі бола алады. Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстардың салдарынан жекелеген мемлекетте азамат соғысы, геноцид, «ұлттық тазарту», сепаратистік соғыстар сияқты саяси-әлеуметтік зардабы орасан құбылыстарды тудырады.

Осындай ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстардың болмысы мен табиғатын түсіндіретін зерттеулер жеткілікті болғанымен, дәл Э. Азар сияқты қақтығыс феноменінің шығу алғышарттарын жете түсіндіре алатын зерттеулер кем де кем. Бұл зерттеу Э. Азардың ұзақ мерзімді қақтығыстар тұжырым негізінде Ирак күрді сецессионистік қозғалысының шығуының алғышарттарын түсіндіруге тырысты. Зерттеудің сараптама критерий ретінде Э. Азар айқындаған топтардың қоғамдық қалыптасуы, адами негізгі қажеттіліктерінің қамтамасыз етілмеуі, басқару және мемлекеттің рөлі, сондай-ақ, халықаралық байланыс элементтері алынды.

Зерттеу сараптамасының қорытындысы бойынша, біріншіден, ұзақ уақыт бойы саяси топ ретінде өзінің әлеуетін сақтай алды. Екіншіден, Ирак Үкіметі күрділердің базалық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. Үшіншіден, Ирак Үкіметі басқару және саяси шешім қабылдау үдерісінде күрділерді оқшаулап тастады. Төртіншіден, АҚШ және Түркия сияқты аймақтық және халықаралық державалардың қолдауы арқылы күрділердің сецессионистік қозғалыс жасау үшін батыл қадамға баруға мүмкіндік берді.

Түйін сөздер: ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыс, сецессионизм, ұлтшылдық, ирак күрділері, ұлтаралық қақтығыс.

Жүктелулер

Как цитировать

Parpiyev, S., & Omarova, U. (2021). Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыс (proctracted social conflict) Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының алғышарты ретінде. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 96(4), 35–49. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v96.i4.03

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері