Жаппай ашық онлайн курстар (ЖАОК) жұмсақ күш пен қоғамдық дипломатия құралы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v96.i4.02Аннотация
Салыстырмалы түрде жаппай ашық онлайн курстар (ЖАОК) жаңа құбылыс ретінде біздің өмірімізге 2008 жылы ресми түрде кіріп, содан бері ол бүкіл әлемде білім берудің тиімді құралы танымал бола бастады. Жалпы аудиториялық сұраныстың өсуі, ақпараттық технологияның дамуы және жаһандану ЖАОК-ны тек білім беру мақсаттарына ғана емес, маңызды байланыс құралына айналдырады. Бұл зерттеу жұмысында автор ЖАОК-ны жұмсақ күш пен қоғамдық дипломатия және онымен байланысты қосалқы ұғымдар аясында орналастыруға тырысады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында ЖОАК қоғамдық дипломатия шеңберіндегі байланыс арнасы және гуманитарлық және саяси мақсаттарға жету үшін оның практикалық функциялары қарастырылады. Осылайша, ЖАОК белгілі бір елдің тарихы мен мәдениетін оқыту, ұлттық жоғары білім беру жүйесін маркетингілеу, тіл арқылы құрылымдық қатынастарды нығайту, технология арқылы құрылымдық қатынастарды нығайту, білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы серіктес елдердің дамуын ынталандыру, көпжақты ынтымақтастық желілерін құру сияқты түрлі мақсаттарда пайдаланылу мүмкіндігін береді. Автор ЖОАК-тың шетелдік қоғамдастыққа жүгінетін мемлекеттік және мемлекеттік емес акторлар үшін жұмсақ күш тудыратын қоғамдық дипломатия құралы ретінде қалай жұмыс істей алатындығы туралы бірнеше түрлі сценарийлерді сипаттайды. Қорытындылай келе, автор одан әрі зерттеу бағыттарын қалай болатынын талқылайды.
Түйін сөздер: ЖАОК, жұмсақ күш, қоғамдық дипломатия, білім дипломатиясы.